Қол күресінен Алматы қаласында ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатына мұнайлылық спортшылар да қатысты. Чемпионат жасөспірімдер, жастар, спорт шеберлері мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.

Онда елдің түкпір-түкпірінен 16 команда, 600 ден астам спортшы күш түйістірді. Соның ішінде Басқұдық спорт мектебінің 15 оқушысы да бар.

— Жарыста жасөспірімдер қол күресінен 65 келі салмақтағы оқушымыз Ыбырай Шолпанов I орынды жүлделеді. Финалда ол Шардара қаласынан Көшкінбек Нұрдәулеттен 4:0 есебімен басым түсті. Дәл осындай нәтижені 80 келі салмақ бойынша шыққан шәкіртіміз Айжан Маймақова да көрсетті. Финалда Шығыс Қазақстан облысынан Ақбота Амангельдинованы 4:0 ұпаймен жеңді. 75 келі салмақтағы спортшымыз  Жансүйген Маммедова әзірге II орынды місе тұтты,-дейді Басқұдық балалар және спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Мұхтар Жұмашев.

Шахида Жұман