Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім мектеп оқушыларына жоғарғы әскери оқу орындарына  түсу туралы үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуде.

Мектеп оқушыларына қорғаныс бөлімінің қызметкері Ерболат Тұрым мен Сабыр Рахимов атындағы «Жасұлан» мектебінің биылғы түлегі, Басқұдық ауылының тұрғыны Жандос Шынықұлов әскери патриоттық тақырыпта сөз сөйлеп, қазақстандық патриотизм туралы әңгімелеп берді. Олар  жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мәселелеріне де тоқталды.

Қос әскери қызметкер оқуышыларға еліміздің жоғарғы әскери оқу орындары туралы да айтып өтті. Бастауыш сынып оқушыларының «Жас ұлан» мектебіне, ал 9,11-сыныптарда білім алып жүргендердің болашақта Кадет корпусына оқуға түсу мүмкіндігі бар екендігін қаперлеріне салды.

Шахида ЖҰМАН