Мұнайлы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі «Шақыру пункті» ғимаратында 17 жасқа толған жасөспірімдерді қаңтар-наурыз  айында әскери есепке тіркеуде. Маңызды шара, ҚР 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес атқарылады. Әрбір жеткіншекке жеке құжат ашылып, арнайы медициналық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана жеткіншектер тіркеу куәліктеріне ие болады.

Бұл жөнінде: «Қорғаныс бөліміне келген жастарға отаншылдық, патриоттық туралы ғибратты сөздер айтып, Отаны үшін қызмет ету-әрбір ер азамат үшін абыройлы борыш екеніндігін түсіндіреміз. Аталған жауапты құжатты алған әрбір жігіт елі алдындағы міндетін түсініп, Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен тығыз байланыста болады деп сенеміз. Жастарға тіркеу куәлігінің маңызы өте зор.  Себебі бұл тек куәлік емес, болашақ сарбаздарды әскери қатарына осы бастан әзірлеу жолындағы алғашқы қадам болмақ»,-деген  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы М.Жанисов күні бүгінге дейін 800-ден астам бала тіркеліп үлгергенін айтты.

Шахида ЖҰМАН