Жуырда Кеңес әкерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай Жаңаөзен қаласында бокстан турнир өтті. Аталған турнирден Мұнайлы ауданының спортшылары олжалы оралды.

Жарысқа Атырау қаласынан және Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, Бейнеу, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарынан 116 боксшы қатысты. Жарыс барысында Сабырбек Ибраев пен Әділбек Камалатдинов 57 кг салмақ дәрежесі бойынша ақтық сынға жолдама алып, Әділбек Сабырбекке бірінші орынға жол ашып, өзі екінші орынды қанағат тұтты. Сол сияқты бірнеше былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда қолғап түйістіріп,өз шеберліктерін ортаға салды. Асқар Ермаковтың шәкірті  Жандос Көшмұқан ақтық сында басымдық танытып, І орынды иеленді.  Рахмет Нұрсұлтан, Назар Саят, Нұржан Есетов, Оразбек Нөкер, Талғат Абдуллаев ІІІ орынға табан тіреді.

Төрешілердің шешімімен Жандос Көшмұқан үздік боксшы атанса, Диас Есеновтың оқушысы Сабырбек Ибраев үздік техникасымен марапатқа ие болды.