10-12 ақпан аралығында қол күресінен 1999-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында Маңғыстау облысы чемпионатына қатысушыларды анықтау мақсатында іріктеу жарысы өтті.

Аудандағы №1,2,4,5,6,8,10,11,12 мектептерден 120 спортшы қатысқан бәсекелі жарыста ұлдар 40-80 келі, қыздар 45-75 келі аралығындағы  салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Тартысты ойын барысында бірі  бірі сол қолмен күш сынауға шебер болса, бірі оң қолмен басымдық көрсете білді.  Осылайша қызықты өткен сайыстың нәтижесі бойынша ер балалар арасынан Н.Жеделбай, Е.Джумагалиев, Н.Алтынғазиев, И.Садықов, Ж.Ходжаниязов, Е.Рахметулла, Н.Демесинов, С.Нұрлыбек, М.Орынбаев, С.Қонақбаев, Д.Джумагазиев, С.Эгембердиев, К.Шотыбай, А.Алламбергенов, М.Махсутов, Ж.Теміртас үздік атанып жолдама алды.  Ал, қыздар арасында Ә.Исаханова, К.Нақ, Г.Сисенова, А.Керимкулиева, Г.Бегенова, А.Ауданбаева, Ә.Тілеуберген, Д.Керимкулиева, А.Тұрлан, Ж.Жолдасова, С.Сисенбай үздік қатарынанан көріне білді. Бапкерлер жолдама алған 26 спортшыға  облыста өтетін жарыста да алдыңғы қатардан көрінулеріне тілектестік білдірді.

Гүлнара ТАСБОЛАТОВА