Жуырда Ақмола облысының Астрахан ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына және Ұлы Отан соғысының 72 жылдығына орай еркін күрестен 2001-2003, 2004-жылғы және одан төмен жасөспірімдер арасында 5-ші Республикалық турнир өтті.

Оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Дагестан елдерінен және Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен мықты деген 473-ден жас спортшы қатысып, боз кілемде жауырын тигізбей өнер көрсетті.

Осы сайыстың төрінде Мұнайлы ауданынан 10 жасөспірім қатысып, бақ сынаған болатын. Маңғыстау ауылының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен 2 жыл  жаттыққан Бауыржан Ғабитов пен 3 жыл бойы еркін күрестің жілігін шағып, майын ішіп жүрген Нұрлыбек Базарбаевта ауданның абыройын асқақ етті. Аудандық, облыстық жарыстарда алдыңғы қатарды бермеген жас спортшылар республикалық турнирде 26 кг салмақ дәрежесі бойынша Б.Ғабитов, 42кг салмақ дәрежесі бойынша Н.Базарбаев  финалда ерекше күш жігерімен көзге түсіп, жүлделі 1 орынмен оралды.

Гүлнара ТАСБОЛАТОВА