Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу керек

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан

Өткен аптада өңірімізге іссапармен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры Аманқос Шамкеев Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау, агроөнеркәсіп кешенінде жасалып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында Ұштаған ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынға облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Болат Ерсайынұлы, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Қылаңов, аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Бекмұрат Әбуов, Үштаған ауылының әкімі Жанбибі Дүйсенбаева және ауыл тұрғындары қатысты.
Ұштаған ауылына барған қонақтар алдымен Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектепті аралап, жұмысымен танысты.

даридддд–Президентіміз биылғы Жолдауында елімізді үшінші жаңғырту міндетін қойып отыр. Ол экономикалық өсімнің жаңа моделін құрып, мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін болады. Қазақстанның алғашқы жаңғыруында, яғни осыдан 25 жыл бұрын жаңа мемлекет құрып, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көштік. Екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданып, еліміздің жаңа астанасының салынуымен басталды. Мемлекетіміз әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа арнаған Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін атап өткен болатын. Президентіміздің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама ішкі нарықты отандық өніммен молайту, экспорттық әлеуетті арттыру, ауылшаруашылығы кооперациясына ұсақ және орта шаруашылықтарды тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, сауда- логисткалық инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған, –деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры Аманқос Шамкеев.

даридаааОның айтуынша, аталмыш бағдарламада субсидиялау бағыттары қайта қаралады. 13 тиімсіз субсидия түрі алынып тасталып, 35 субсидия түріне өзгерістер енгізіледі. Нәтижесінде ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтерді мемлекеттік қолдау 7,5 есеге ұлғаяды. Мәселен, бордақылау алаңдарын субсидиялау келісімшарттарын қайта қарау есебінен шаруашылықтардың қамтылуы 3 есеге ұлғаяды. Субсидиялау тиімділігін арттыру үшін сақтандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ үй мен ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру, өнімді қажетті инфрақұрылыммен қайта өңдеуді ұлғайту жұмыстары жалғасады.

–Өткен жылы 15 мың жеке шаруашылықты қамтитын 157 кооператив құрылды. Олардың базасында100-ден аса сүт қабылдау пункті, 7 мыңнан аса отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы құрылатын кооператив саны 2 есеге артады. Ауылдың дамуына негіз болуы тиіс кооперативтер өнімді сақтау, дайындау, тасымалдау және тағы да басқа қызметтерді атқарады. 2018 жылға қарай ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша рұқсат беру құжаттарын қарауды толық автоматтандыру жоспарланып отыр. Қазір 70 пайызы қамтылған. Еңбек өнімділігін арттыру бағытында ауылшаруашылығы техникаларын жаңарту үшін отандық және қымбат емес шетелдік құрал-жабдықтар сатып алынады. 2021 жылға қарай еңбек өнімділігін 40 пайызға арттыруға тиіспіз. Жер пайдалану тиімділігін арттыруда 600 мың гектар суарылатын жер алаңы 2 млн.гектарға дейін ұлғаяды. Өткен жылы 600 құдық қазылса, биыл 700 су көзін ашу жоспарланып отыр, – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры Аманқос Шамкеев.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Болат Ерсайынұлы жиналғандарды агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етіп, мемлекеттен көмек алу жолдарын түсіндірді.

дариидай–Өңірімізде өткен жылы 3 ауылшаруашылығы кооперативі құрылды. Мәселен, «Несібе – Жан» кооперативі тері, жүн жинаумен айналысады. Атырау облысында «Каспий лана» шаруа қожалығы италияндық құрал-жабдықпен түйе жүнін өңдеп, плет тоқумен айналысады. Жуырда сол шаруашылыққа түйе жүнінің келісін 300-350 теңгеден өткізу жөнінде келісімке келдік. Егер ол шаруашылыққа түйе жүнін 350 теңгеден өткізсеңіз, үстіне тағы 105 теңгені мемлекет төлейді. Маңғыстауда өсетін еділбай мен қаракөл қойының жүніне сұраныс жоқ. Жамбыл облысында жүнді 25 теңгеден аламыз деп отыр. Белоруссия мемлекетінде осы қойлардың жүніне сұраныс жоғары, байпақ басады екен. «Болашақ» кооперативі ауылдардан сүт өнімдерін жинап, бөтелкеге құйып, мұнайшыларға, сауда орындарына өткізеді. Жаңа құрал- жабдықтар алып бердік. «Бейнеу» кооперативі ауылдық жерлерден ет алып, қолма- қол есептеседі. «Милена фуд» компаниясы ауылдардан түйе сүтін литріне 400-500 теңгеден қабылдауға дайын. Малдың сүтін, етін, жүнін, терісін бірігіп өткізу, мемлекеттік жеңілдіктерге қол жеткізу мақсатында кооперативке ұйымдасқан жөн, – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Болат Ерсайынұлы.

Басқосу барысында мамандар ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жиын аяқталған соң, қонақтар Қойқора қыстағындағы «Дәулетбай» шаруа қожалығына қарай бет алды. Бұл шаруа қожалығының тізгінін ұстаған Атшыбай Шорабеков 2001 жылдан бері сиыр, жылқы өсірумен айналысады. –Осыдан 16 жыл бұрын қой шаруашылығымен айналысуды бастадым. Қойдың күтімі мен бабын табу қиын болғандықтан, сиыр мен жылқы өсіруді қолға алдым. Мемлекеттің көмегінің арқасында шаруашылығымды кеңейтіп, өткен жылы субсидиямен отандық компания шығарған күн мен желден қуат алатын гибридті модульдік құрылғы орнаттым. Бүгінгі таңда тоқ көзі мен жарық үздіксіз беріліп тұр. 2006 жылы жерді 49 жылға жалға алдым. Малдың өнімін сауда нүктелеріне өткіземін. Алдағы уақытта құс өсірумен, егінмен айналысуды жоспарлап отырмын, – деді «Дәулетбай» шаруа қожалығының иесі Атшыбай Шорабеков.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген автор