«Түпқараған жастары» бірлестігі әлеуметтік тапсырыс аясында, аудандағы тарих пәнінің мұғалімдеріне «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік сайысын ұйымдастырды. «Таныстыру», «Кім тапқыр?», «Кім жылдам?», «Жанды сұрақ», «Тарихи тұлға» сынды алты  бөлімнен тұрған байқауда тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі Қазақстан тарихындағы кезеңдер  мен өлке тарихы бойынша сұрақтар ұсынылып, білімдері бағамдалды.

Сайыс барысында Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Амангул Төлжанова бірінші орынды иеленсе,  өзін Мұрының мақамымен таныстырған Ақшұқыр Мектеп-лицейінің мұғалімі Бейбіт Қабитов екінші орынды, Шахта орта мектебі мұғалімі Муслима Амангелдиева үшінші орынды, М.Горький мектеп-лицейі мұғалімі Армат Дүйсалиев ынтландыру сыйлығын иеленді.

— Осымен екінші жылы ұйымдастырылып отырған интелектуалды сайыс. Былтырғы ойынның тақырыбын «Қазақ Хандығына 550 жыл»деп алсақ, биылға тақырып — Тәуелсіздікке 25 жыл және Форт-Шевченко -170 жылдығына арналып, сұрақтарды осы тақырыпқа орайластырылып құрдық. Әсіресе тарихшы мұғалімдер оқушыларды білімді, зерек, зияткер етіп тәрбиелеуі үшін бұл сайыстың маңызы зор. Ойын барсыныда білмей қалған сұрақтары болса, алдағы уақытта ізденіп, білімдерін жетілдіреді деген сенімдеміз,-дейді ұйымдастырушы «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбек Мағдатов.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

Суретті түсірген автор

img_2323

img_2313

img_2316

img_2318