«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жаңаөзен қаласында жалпы бизнес-ортаны жақсарту және дамыту мақсатында шамамен 30-дан аса іс-шара өткізуді жоспарлаған. Соның бірнешеуі алғашқы жұмыс аптасында жүзеге асырылып, қаладағы нысандарды аралау мен кездесулер өткізілді.
Прокуратура, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, ақсақалдар кеңесі, бизнес орталықтары және жастармен кездесулер өткізілді.
30 га көлемді құрайтын индустриялды аймақтың құрылысы жөнінде таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жастарды жеткілікті дәрежеде ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 18 қазанында білім бөлімі, жұмыспен қамту, жастар орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу болып өтті.
14-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары басталып, оған 23 педагог-психолог жұмылдырылды. 6758 оқушы сауалнамаға қатысты. 19 қазан күні техникалық және ауыз сумен тұрғындарды жеткілікті түрде қамтамасыз ету жағдайларын талқылау мақсатында «Өзенинвест» МКК басшылығымен кездесу өтті. Қазіргі таңда мәселені жете талдау үшін қажетті ақпараттар жинақталып, техникалық мүмкіндіктер қарастырылуда.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның бөлім басшылығымен сатып алу ұсыныстарын талқылау мақсатында кездесу өткізіліп, 2015-2017 жылдарға арналған жұмыс көлемдеріне сұраныс берілді. Жергілікті өндірісті дамыту мақсатында жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Сонымен қатар ұзақ мерзімді келісім-шарттарға қол жеткізіледі деп күтілуде.
21 қазан күні жұмыссыз жастармен кездесу өткізілді. Жиынға жалпы саны қазіргі таңда тұрақты жұмысы жоқ 100 жас қатысты. Кездесу барысында түсінік жұмыстары жүрзіліп, нәтижесінде 2 адам «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы», 1 адам «Серпін — 2050» бағдарламалары бойынша басқа қалаға көшуге ниет білдірсе, 10 адам «Бастау» жобасы бойынша оқуға жазылды.

Айжан НАСЫРОВА