Тән дәрменсіздігінің кесірінен қоғам өмірінен тасада қалып жүрген зағип жандардың өнерге деген құштарлығында шек жоқ. Облыстық  мүмкіндігі шектеулі зағип жандар арасындағы шығармашылық «Ақ таяқ» атты шығармашылық байқауға куә болғанда осыған көз жеткізгендей болдық.

Көпшілік жиналған дәстүрлі байқауды ашу құрметі Маңғыстау облыстық  «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Мухамедов пен Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі В.В.Трифоновқа берілді.

Қоғамға жанашырлық қолдау көрсетіп жүрген ТОО «Каспиан Офшшор Констракшн»  мекемесі өкілдері қатысып, құттықтау сөз кезегіне ие болды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ерік-жігерін көтеру, талантын ұштап, дарынды өнер иелерін халыққа таныту,  мүгедек жандарға өздері өмір сүріп жатқан қоғамның мүшесі, қатысушы екендерін сезінуге мүмкіндік жасау, өз мүмкіндіктеріне сендіру, олардың арасынан белсенді адамдарды анықтау, өзгелерге үлгі ету мақсатында жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқауға өлкенің барлық аудан, қалаларынан өнерлі өкілдер қатысты.

Өнерпаздар өнерін саралайтын әділ қазылар алқасы құрылып, байқау төмендегідей 5 аталым бойынша өтті. Жеке ән салу (аспапта сүйемелдеу немесе фонграмма); Жеке аспапта орындау (гитара, домбыра, фортепиано, баян); Әдебиет (поэзия, көркемсөз, авторлық шығармалар); Қолөнер (зергерлік, тоқыма, қолөнер бұйымдары);  Брайл жүйесі бойынша оқу, жазу.

Таланттар талабын өрлетіп, мерейін аспандаған байқауды қорытындылау барысында облыстық «Ақ таяқ» мүмкіндігі шектеулі зағип жандар арасындағы шығармашылық байқауының жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі бойынша марапатталды.

Жеке аспап орындаушылары арасынан – 1-орынға Әсет Қарабалаев, 2-орынға — Ибраев Болат – Күй (домбыра),  3- орынға — Ибраев Қуаныш – Күй (домбыра) ие болса, жеке дауыста ән салу номинациясы бойынша 1-орынға Қарақия ауданынан Гүлфайруз Кенжеғараева,  2-орынға Мұнайлы ауданынан Жақсылық Елеусинов, 3-орынға Аслан Гылманов ие болды.

Көркем сөз оқу номинациясы бойынша Айжан Тыныштықбаеваға -1 орын, Галина Торбинаға – 2 орын, Асқар Келжановқа – 3-орын, қолөнер номинациясы бойынша — Иба Қосыбаеваға 1- орын, Жаңыл Чиндауловаға — 2-орын, Аққенже Әуелбаеваға – 3 орын бұйырды.

Брайл жүйесі бойынша  мұнайлылық Жорағұл Досмухамедовке – 1-орын, бейнеулік Берік Қожаниязовқа– 2- орын, Әмина Мухамедоваға – 3-орын тиесілі болды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН 

0021

0020

0019

0018

0017

0016

0015

0014

0013

0012

0011

0010

0009

0008

0007

0006

0005

0004

0002

0001