Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігі бойынша азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру).

Азамат Қ. 18.09.2016 жылы Ақтау қаласы 29 шағынауданы 17 үйіне қарама-қарсы тас жолда автокөлікті жүргізу құқығына ие болмай, «Лада» маркалы автокөлігін мас күйінде жүргізді.

Сот залында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Сотпен азамат Қ. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танылды. Оған 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Анес Оңғаров
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маманы, сот отырысының хатшысы
  

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен  ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, аз. Д. «Ваз 21144» автокөлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Сөйтіп, ол жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзып, қасақана ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыру туралы жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Гулзада Бозаева
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы
 

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлімі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Өзбекстан Республикасының  азаматы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Ақтау қаласында шетел азаматы А. тоқтатылған, себебі бұл азамат Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңын бұзған. Яғни ол аталған баптың бірінші бөлігінде қарастырылған мерзімдерден аса ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстан Республикасында болған, болу уақыты екі айға кешіктірілген.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзғаны ұқыпсыздықтан болғанын, жасағанына өкінетіндігін, айыппұл төлеуге қарсы еместігін айтты.

Құқық бұзушы кінәсін мойындағанын, жасағанына өкінгенін, құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын ескере отырып, сот азамат А.-ны 31 815 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Бауыржан Сапар
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы
 

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Н. қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай ӘҚБтК) 613-бабының 1- бөлігімен (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау )   іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Н. басқаруындағы «Toyota Hilux» маркалы автокөлігімен Ақтау қаласы, «Рекон» саяжайына қарама қарсы тас жолда Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының 2-бөлімінің 1-тарамағының 2- тармақшасының талабын орындамаған. Яғни, Н. ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушы Н. ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 (бір) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айжан Айтжанова
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы