Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  6 оқушысы  биылғы жылдың маусым мен шілде айларында АҚШ-тың Калифорния Штатындағы халықаралық Стэнфорд университеті, Джон Хопкинс атындағы университеті, Besant Нill  School мектебінде үш апталық курсқа қатысып қайтты.

Данагул Азимжанова (3)

Маусымның 27-сі мен шілденің 14-і аралығында 12 «В» сыныбының оқушысы Томирис Сағынбай  Калифорния штатындағы Джон Хопкинс атындағы университеттің талантты жастар орталығында «CTY және «FAST-PACED HIGH SCHOOL PHYSICS» бағдарламасы бойынша үш апталық курста білім арттырды.

— Джон Хопкинс университеті әлемдегі ең үздік университеттердің бірі. 2013 жылы университеттердің академиялық рейтингі бойынша 17-ші орынға іліккен еді. Көптеген Нобель сыйлығының иегерлері осы университеттен шыққан. Бұл униерситет қабырғасында білімімді шыңдау кез келген оқушы үшін үлкен бақыт. Үш апта бойы бізге әр түрлі профессорлар сабақ берді. Есептер шығарып қана қоймай, басқа да ғылымдармен физиканың байланысына көп тоқталдық. Яғни тек қана физиканы емес, тригонометрия, энергия көздері және т.б. Сондай-ақ түрлі сынақ жұмыстарын жүргіздік. Мәселен, бағдарламаның үшінші күні біз университет территориясында мини-ракета ұшырдық. Әр топқа бөлінген бізге оның ұшу жылдамдығын, ұшу биіктігін (высота полета) өлшеуіміз керек болды. Біз мұны тез есептеп үлгердік,-дейді Томирис. 

Жас зияткердің сөзінше, курс барысынла алынған білім апта соңында пысықтау мақсатында, сынақ алынып отырған.

Дана Акуал Best Hill School (1)

— Бұл біздің алған білімдерімізді есімізге сақтауға көмектесті. Ұстаздар сабақты барынша қызықты қылу үшін өмірден алынған көптеген мысалдарды келтіріп отырды. Расын айту керек, курсқа қатысушыларда өзара бәсекелестік бар. Бұл білімді одан сайын тереңдете түсуге шабыт береді. Ағылшын тілінен аса қатты қиналған жоқпын,- дейді зияткер.

Ал,  тамыздың 2-сі мен 14-і аралығында мектебіміздің 10 «В» сынып оқушысы Арман Жұмахан және 10 «С» сынып оқушысы Данагүл Азимжанова Халықаралық Стенфорд университетінде «Стенфод университетінің жаратылыстану математикалық бағыт бойынша жастар бағдарламасына» қатысты.

— Екі апталық бағдарлама барысында көптеген қызықты, тың ақпараттар алдық. Біздің бағдарламамыздың басты ерекшелігі әр күн сайын жаңа жан-жақты тақырыптарды талқылауымыз болды. Мәселен, ең алғашқы күні біз ойлау дизайнымен етене жақын таныссақ, ертеңінде Джино Арнольд есімді ұстазымыз шешендік өнер, сөйлесіп отырған адамыңды сөзіңе сендіре білу туралы айтты. Ал үшінші күні біз антропология туралы айтсақ төртінші күні көшбасшылық қабілеттерді меңгердік. Тіпті нейробологияға да тоқталдық. Жаңа ақпараттармен қоса біздер Сан-Франциско музейлерін, Калифорния штатының қалаларын да араладық, — дейді Данагүл Азимжанова.

Арман Жумахан 3

Арман Жұмаханның сөзінше, бұл курс оған білімді арттыруға мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, сондай-ақ жаңа достар табуға көмектесті.

— Біз дәрістерімізде Қытай, Түркия, Перу, Гонконгтан келген сыныптармен де бірлесіп пікір алмастық. Сабақ барысынан тыс көбімен достасып кеттік. Дені Стенфорд университетінде оқығысы келетіндерін айтты. Өз елдеріміз туралы айтып, көптеген қызықты деректер алдық, —дейді ол жаңа достары туралы.

Шет елде білімін арттыру мүмкіндігіне ие болғандардың бірі – 10 «А» сынып оқушысы Дана Ақуал. Ол 18-31 шілде аралығында Охай қаласында орналасқан Besant Нigh School мектебіне білім арттырды.

— Биологя пәнінен көптеген сынақтар жасадық. Эксперимент жүргізуде зияткерлік мектепте жинақтаған қабілетім көп көмегін тигізді. Осы уақытқа дейін алған білімімді сол жақта көрсете алдым. Ең бір ұнаған сынақтардың бірі кәдімгі өзіміз жейтін бананнның днқ жасушаларын компьютер арқылы көру. Ол үшін кәдімгі сусабынды, бананды, тұзды араластырып сұйықтық жасайсыз. Соның кішкене ғана бөлігін микроскопқа салсаңыз бананның днк жасушаларын көруге болады. Бұл жерге үйренгендерімді сыныптастарыма көрсетемін деп шештім,- дейді Дана.   

Әлемнің үздік оқу орындарында білім мен ғылымның жаңа тынысын көріп келген жас тәрбиеленушілер өз тәжірибелерін сыныптастары, достарымен бөліспек ниетте.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі

Дана Акуал Best Hill School (3)