сот

Әкімшілік жаза – әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін қолданылатын жауапкершілік шарасы. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларға сәйкес болуы керек. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайлар ескеріледі. Бір тұлға екі, не одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасағанында, әрқайсысы үшін жеке – жеке жаза қолданылады. Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болса, одан іс бір ғана сотта, органда (лауазымды тұлға) қаралады. Оған бір текті жаза қолданылған жағдайда ең жоғарғы мөлшердің үш есесінен аспауы тиіс. Әкімшілік жазаны тағайындау (осы әкімшілік жазаны туғызған) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны міндеттемелерден босатпайды. Әкімшілік жаза азаматқа мынадай түрде: әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан (кем емес) кешіктірмей; қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты айдан (кем емес) кешіктірмей; салық салу саласындағы құқық бұзушылықты жеке тұлға жасаған болса – жасалған куннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал заңды тұлға үшін – жасалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей; созылмалы әкімшілік құқық бұзушылық үшін оны анықтаған мезеттен бастап екі айдан кешіктірмей тағайындалуы мүмкін.

Егер әкімшілік жазаға тартылған тұлға, жаза өтелген мезеттен бастап бір жылдың ішінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамаса, одан тұлға әкімшілік жазаға тартылмаған болып есептелінеді. Кодекстің 61 және 62 – баптарында жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар көрсетілген.

Әкімшілік жазаларды тағайындау құқығы өкілді органдар мен лауазымды тұлғалардың бірқатарына берілген. Кодекс төмендегі бағыттарды іске асыру арқылы әкімшілік заңнаманы реформалауды көздейді.

Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары институты жетілдірілген. Атап айтқанда, қарап тексеру және жеке басын, жеке адамның заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарау сияқты қамтамасыз ету шаралары олардың мазмұнымен сәйкес келтірілген. Әкімшілік заңнаманың реформалануы Кодекс ережелерінің, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ізгілендіру жолымен және қысқару өндірістерінің еңгізілуі жолымен жетілдіру арқылы негізделгенін атап өткен жөн.

Г. Сүйеуова
Ақтау қаласы әкімшілігінің судясы