Ақтауда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» алғашқы агенттік орталығы ашылды. Енді тұрғындардың кеңес алу мүмкіндігі ұлғайды, — деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы

Орталықтың қызметкерлері халыққа тегін қызмет көрсетеді. Білікті мамандар әрбір салымшыға, оның қаржылық жағдайына қарап, мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспаналы болудың ыңғайлы жолдарын ұсынады.

Орталық тұрғындарды барынша ақпараттандыру, кеңес беру мақсатында ашылды. Мұнда арнайы даярлықтан өткен 15 менеджер жұмыс істейді. Сұрақтарға жауап беріп, құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі. Негізгі міндет — мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді егжей-тегжей түсіндіру. Ақтаудағы орталық әзірге бастамасы ғана.   

   Тұтастай алғанда, МО бойынша  жыл соңына дейін біз тағы да осындай 9 бөлімше ашуды жоспарлап отырмыз. Агенттік  пункттер желісін дамыту арқылы басқа аудандың тұрғындарына қолжетімді етуді көздеп отырмыз, — дейді Сәбит Жақсылықов —  «ТҚЖБ» АҚ МОФ директоры.

Жалпы қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстық филиалында 30 мың салымшы тіркелген.