латын

Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орыналуда.

Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұс­тарын талдап, көрсетіп жа­зылған мақалалар қатары күн сайын толыға тү­суде. Әліпбиіміздің өз­геруі, яғни қалыптасқан дәс­түрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшуді қара­па­йым халық қолдайма, әлде қарсыма, Қа­зақстан хал­қы өз тәуелсіздігін жария­ла­ғаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі-жиі айтылып келеді.

Тағы оқыңыздар: Өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ өлеңдерін оқудан сайысты

Қазаққа ұлт ретінде жойылып кетпеу үшін алдымен өзінің тамырын жақсы түсіну керек. Ал қазақтың тамыры – ер түрік. Одан кейін ұлт білімді болу керек. «Білімді мыңды жығады» деген атамыз қазақта дана сөз бар. Білім мен ғылым заманында оқыған ұлттың тасы өрге домалайды.  Қорыта келе, Мемлекет басшысы атап өткендей, ғалым­дардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графика­дағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдіс­темелік жұмыстар жүргі­зілуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет. Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көру үшін білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуі керек. Ал ғалым­дардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабыл­данғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұм­тылу, жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстан­дық­тың абыройлы міндеті болмақ.

Алтын ШАУДИРБАЕВА,

аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы