Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрінің орынбасары-ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов бүгінгі жиында өңірімізде мал шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екенін баса айтты.

— Шын мәнінде Маңғыстау облысында мал шаруашылығын, теңіздің жағасы болғаннан кейін балық шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер бар. Осының барлығын ескере отырып бүгін Сіздермен арнайы кездесуге келдім. Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығына үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын барлықтарыңыз жақсы білесіздер. Елімізде ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа бағдарламалар қабылданды. Бұл жерде әр өңірдің ерекшелігі ескерілді. Ал, бүгінгі жиында біз Маңғыстау мен көршілес Атырау облыстарының ортақ мәселелерін ортаға салып, талқылайтын боламыз. Шешімін таппаған мәселелердің шешу жолдарын қарастырамыз,-деді жиынды ашқан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов.

Маңғыстау, Атырау облыстарының ауыл шаруашылық мəселелері талқыланды