Бүгін Маңғыстауға жұмыс сапармен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов келді. Елордадан келген мейман алдымен «Қазақ Бекіре» ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында А. Мырзахметов облыстық әкімдікте келелі кеңес өткізді. Оған өңір басшысы Ералы Тоғжанов, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, аудан әкімдері, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Жиында аймақтағы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы мен даму перспектикалары талқыланды.