Жұма күні аудан әкімдігінде комиссия мүшелерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Е. Күмісқалиев жүргізіп отырды. Күн тәртібіне енгізілген бірінші мәселе бойынша «Жедел ішек инфекцияларының алдын алу шаралары мен алғашқы көмек көрсету туралы» аудандық орталық аурухананың директоры Ж.Шоланованың, келесі мәселе- «Кәмелетке толмағандарды және жастарды азаматтық отан сүйгіштікке тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасында экстремистік қызметтің алдын алуға бағытталған жұмысты ұйымдастыру, оны жүргізу туралы» аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы А. Смағұловтың баяндамасы тыңдалды. Комиссия отырысының қорытындысымен хаттама толтырылып, бағытты шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне, аудандық білім бөліміне, «Қарақия» қоғамдық саяси газетінің редакторына атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде тапсырмалар берілді.

Жалғас АЙТҚҰЛОВ