Облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Луара» қоғамдық фондының төрайымы Лаура Асырованың ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ІХ Лаура шығармашылық фестивалі «Айналаға мейірім шаш!» ұранымен өтті.

Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің мерекелік жиынына облыстық мәслихат хатшысы Бекмұрат Жүсіпов, облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағалиев құттықтау тілек білдірді.

Алтынайдың өлеңмен жеткізілген көпшілікті құттықтау сөзінен соң, Лаура Асырова № 2 арнайы жалпы білім беру мектебіне, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернатына, № 1, № 4 арнайы балабақшасына, Ақтау қаласының үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, Жаңаөзен үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Жаңаөзен арнайы білім беру мектебі және мектепке дейінгі ұйымдарға, № 3 арнайы білім беру мектебіне,  Мұнайлы ауданы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Абай атындағы арнайы сыныбына,  Түпқараған ауданы, Ақшұқыр поселкесіндегі  үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Қарағия ауданы үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне, Шетпе түзету психолого-педагогикалық кабинетіне, Маңғыстау поселкесі үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне сертификаттар мен гүлдестелер, дипломдар мен жемістер, кәдесыйлар мен гүлдер тапсырды.

Оның ішінде Мұнайлы ауданының №3 арнайы білім беру мектебінің бишілер тобына, осы мектептің мүшесі Алина Мелске арнайы сый-құрметтер көрсетілді.

Салтанатты жиында «Каспий толқындары» фестивалінің жұлдыздары Меруерт пен Бақберген, №1 арнайы балабақша бүлдіршіндері, Мейірхан Аманғалиев, Аянат Мырзағалиева, Артур Жұматов, Тайыр Қарабалаев, Әзиза Нұрланқызы  өнер көрсетті.

Шашкі ойынының жеңімпазы Жәмила Бегешова, үстел теннисінің жеңімпазы Ердәулет Жұбатханов секілді жас спортшыларды Маңғыстау облыстық мүгелдектер спорты клубының директоры, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұралы Құлышов марапаттады.

Бұдан соң көңілді шара ән-күймен жалғасын тауып, «Эстрадная волна» тобы, Жайнагүл Мұратқызы, Айжан Қабыл, Адайбек Қилыбай, Бақдәулет Айтжанов, Фариза Өтемісова, Жәнібек Тұрғанбаев өнер көрсетті.

Жас өнерпаздарды қалалық мәслихат депутаты Қуаныш Есетов, облыстық мәслихат депутаты,  «Ренессанс» GavrielConstantinos қонақүйінің директоры, Аббат Өрісбаев құттықтады.

Сахнаға тағы да өнерпаздар өрендер тобы Мерей Бекежан, Света Ғұмарова, Нұршат Яхиева, Мәдина Темір, Бекжан Имаммәдиұлы, Талап Құлжан Айханым Дәлубайқызы, т.б. шығып, көпшілікке қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

Суреттерді түсірген Гүлмира САДЫҚОВА

%d0%bc%d1%88%d0%b6