Қазан айында Қарақия аудандық спорт мектебінде тәлім алып жүрген спортшылар спорт түрлерінен өткізілген түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Жуырда Атырау қаласында   кекушинкай карате-додан жасөспірім ер балалар мен қыздар арасында облыстық ашық чемпионат өткізілді. Осы чемпионатқа Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Садиға Арманд бастап алып барған спорт мектебінің 10 жас каратешісі өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, ауылға табыспен оралды. Нәтижесінде біздің жерлестеріміз  4 алтын, 2 күміс, 2 қола медалға қол жеткізді. Олар:

%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%88%d0%b0-%d0%ba%d2%af%d1%80%d0%b5%d1%81Изтанатова Гүлназ — +45 кг — I – орын – 10-11 жас

Тобабүкір Данияр – 25 кг — I – орын – 6-7 жас

Ізтұрған Асылай – 30 кг — I – орын – 10-11 жас

Сағынғали Ерасыл – 25 кг — I – орын – 8-9 жас

Базарқұл Ақмарал – 45 кг —  II – орын – 10-11 жас

Алим Дильназ – 30 кг –  II – орын – 10-11 жас

Азим Диас – 30 кг — III – орын – 10-11 жас

Жанғазы Гаухар – 30 кг — III – орын – 8-9 жас

Сонымен қатар қазан айының 15- 16 жұлдызында Алматы қаласында таэквондодан   жасөспірімдер арасында  «Жеңіс» әскери спорт клубының республикалық ашық турнирі  өткізілді.  Оңтүстік астанада бағын сынаған аудандық спорт  мектебінің  Жетібай  бөлімшесінің таэквондошылары да нәтижелі өнер көрсетіп, екі қола медалды өз еншілеріне жазды. Олар:

Расул Камила – 63 кг — III – орын

Сайынов Ислам – 57 кг — III – орын

Жақында Ақтау қаласында 2001-2002жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Республикалық «Жас барыс»жарысының Маңғыстау облыстық іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа жаттықтырушы Б.Мергенбаев баптаған 6 спортшы қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде

Серіков Балғабек  38келіде жеңімпаз болып танылса, Талғатов Айдын 50 келі салмақта екінші орыннан көрінді. 55 келі салмақта Қайыров Нұрислам, 73 келіде Бақтыбай Бейбарыс үшінші орынды иеленді.

                                                  Жалғас БЕРДІМҰРАТҰЛЫ