сот

Қазақстан Республикасы атынан сот төрілігін жүзеге асыру кезінде тек Конституция мен заңға бағыну судьяның адамгершілік және моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Судья жұртшылықтың сот төрілігі жүйесіне деген сенімін нығайту мақсатында тәртіптің жоғары әдептік стандарттарын әйгілеуге және жетілдіріп отыруға ұмтылуға міндетті, мұның өзі жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімді ұштасуын қамтаммасыз ететін тәуелсіз сот жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

Судья сот төрілігін жүзеге асыру жөніндегі билік өкілеттіктерін өзіне қабылдай отырып, тәртіптік әдеп қағидаларын сақтауға байланысты шектеулерді ерікті түрде өзіне жүктейді. Осы Судья әдебінің кодексі Қазақстан Республикасының Конституцияна, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртібесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Сот органдары тәуелсіздігінің негізі қағидаттары» туралы 40/32 және 40/146 Қарарларына, Бангалорда қабылданған Судья тәртібінәң қағидаттарына сәкес, жұмыс істеп жүрген судья мен орнынан түскен судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілейді. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуілсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметтіне қандай да болсын араласуға жол берілмейды, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп моғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейды.

Заңды қоданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

Бір құқық бұзышылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; сотта әркім өз сөзін тындатуға құқылы; жауапкершілікті белгілейтін немесі күшейтетін, азаматарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе женілдеттілсе, жаңа заң қолданылады; айыптулушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; адамның кінәлі екендігі жөніндгі кез кезген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; заңсыз тәсілмен алынғанайғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; қылмыстық заңды ұқсастынына қарай қолдануға жол бермейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігіңің принциптері Республикасының барлық соттары судьяларына ортақ және бірынғай болып табылады.

Маңғыстау облысының кәмелетке торлмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Тленов Айдарбек