Ақтауда облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік саясат пен құқықтың жоғары мектебіндегі оқулары жалғасын тауып жатыр. Биыл осымен үшінші жыл Алматы менеджмент университетінің оқытушылары маңғыстаулық шенеуіктерге білім беруде.

Осы кезекте облыс мектептерінің 20-дан астам басшылары мемлекеттік басқарудағы менеджмент, іскер әкімшілдік менеджменті турасында білімдерін толықтаратын болады.

Біз үшін жаңа оқу жылы басталды. Бұл- бүгінгі заманның талабы. Мемлекеттік қызметкерлер мен басшылар әрқашан бәсекелестікке дайын болулары тиіс. Үш жыл бұрын бастау алған оқу тәжірибе оң нәтиже бере бастады деуге болады. Білім саласы бойынша екінші топ білімдерін толықтыру үшін курсқа алынды,-дейді облыс әкімінің орынбасары Ш.Илмуханбетова.
Ұйымдастырушылардың қазақ мектептерінің басшыларына арналған орыс тілінде басталған оқу курсы 1 жылға созылатын болады. Жаңаша басқарудың заманауи тетіктерін үйренген директорлар білім саласына тың жобалар мен бастамалар әкеледі деп күтілуде.

Анар Шамшадинова
Суреттерді түсірген Талант Құсайын

12

14

16

05