Осы уақытқа дейін 22 шағынаудандағы «Динамо» спорт кешенінде дайындалып келген ақтаулық жас гимнасшыларға 12 шағындаудағы облыстық ІІД-нің жанынан пайдалануға берілген жаңа ғимарат тапсырылды. Заман талабына сай салынып, жабдықталған ғимараттың салтанатты түрде ашылу салтанатына ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов арнайы қатысып, гимнасшылардың қуанышына ортақтасып, сәттілік тіледі.

-Бұған дейін біз авариялық жағдайда тұрған 22 шағынаудандағы «Динамо» спорт кешенінің залында дайындалатынбыз. Өзіміздің жеке ғимаратымыздың болғанын армандадық, бүгін сондай қуанышты күнде бас қосып отырмыз. Жаңа ғимараттың бізге берілуі-облыста көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнасшылардың спорттық шеберлігін шыңдау бағытында көрсетіліп отырған үлкен қолдау деп түсінеміз. Енді менің 60 гимнасшы қыздарым жаңа ғимаратта жаттығып, жаңа жетістіктерге қол жеткізеді деп сенемін. Замануи жабдықтармен жабдықталған әсем ғимаратты сыйға тартқан азаматтарға алғысымды айтамын,-дейді көркем гимнастикадан жаттықтырушы Оксана Позникова.

Шара соңында жас гимнасшылар музыка сазымен лента, доп, шеңбер арқылы гимнастикалық жаттығулар жасап, би билеп, өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

img_9231

img_9130-1

img_9102

img_9111

img_9114

img_9130

img_9176