Түпқараған аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қолдау» орталығы мен М.Горький мектеп –лицейі бірлесе өзге ұлт оқушылары арасында «Мемелекеттік тіл мерейі» атты аудандық байқау өткізді. Байқауға аудандағы жалғыз орыс тілінде білім беретін мектеп–лицейінде оқитын орыс, ұйғыр ұлтының оқушылары қатысты.

Байқауды ашқан аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Гүлсім Рамашева оқушыларға сәттілік тілесе, мектеп директоры Алмагүл Балшыбайқызы тіл жанашырларын мерекемен құттықтады.                                                            

Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметін арттыра отыра, ұлт аралық татулықты сақтау, шығармашылық ізденіске жұмылдыру мен қазақ тілінің мәртебесін көтеруді мақсат еткен байқауда оқушылар қазақ тіліне деген құрметімен тіл біліктерін ортаға салды. Төрт турдан тұратын байқауда өздерін таныстырып өткен қатысушылар екінші турда қазақ тілінде «Тіл –татулық негізі» тақырыбында қабырға газетін қорғады. Онда тақырыптық сурет және тілге қатысты сұқбат немесе диалог, мақала болуы шарт етілген. Үшінші турда өз өнерлерін ортаға салған қатысушылар ұлты орыс  Виолетта Бухарова, ұлты орыс Дарья Сизоненко Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шаханов өлеңдерін қазақтан кем түспей мәнерлеп оқып, көзге түсті.Соңғы турда қатысушылардың сөйлеу шешендігі мен сөз саптасы «Қазақ тілінің артықшылығы» тақырыбында  бағаланды.

Байқауда барлық талапты жоғары деңгейде орындап, қазақ тілінде еркін өз тіл білімін ортаға салған Виолетта Бухарова — I орынды (ноутбук) иеленді. Өзі рухты өлеңді жатқа, мәнерлеп жеткізе көзге түскен Дарья Сизоненко — II  орынға (нетбук-планшет)  ие болды. Тимофей Голев  —  III орынды (аккустикалық аппарат), Ислам Таипов – ынталандыру (рюкзак)  орындарымен мараптталды.

-Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, тіл мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған  байқаудан қатысушы болсын, көрермен болсын бір сөз қазақша үйренген болса, онда осы байқау өз мақсатын орындады деп есептеймін. Сонымен қатар, өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген құрметін оятып, қызығушылығын білдіруіне ықпал ету үшін ұйымдастырып отырған шара жоғары деңгейде өтті деп есептеймін,-дейді ұйымдастырушы «Қолдау» орталығының төрайымы Милана Елеусинова.

Гүлсім ҚАРЫМСАҚОВА
Суреттерді түсірген автор

img_1440

img_1497

img_1475

img_1488

img_1498

img_1522

img_1443

img_1492

img_1520