Кеше қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі бастамасымен құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің кезекті сабағы болып өтті.

Бұл жолғы отырыс жас мамандардың діни көзқарасын кеңейтіп, сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Мемлекеттік қызметшіге дін туралы түсінік беру» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Семинарды облыс орталығынан арнайы шақырылған теолог, исламтанушы Асылбек Еділбаев жүргізіп, тақырып аясында баяндама жасады. Дін маманы мемлекеттік қызметкерлерге мемлекетіміздің дін саясатындағы негізгі позициясын түсіндіріп, бұл салада жасалып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда діни бағыттардың, оның ішінде ислам дінінің рөлі, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу мәселелерін айтып өтті. Экстремизм және терроризм, экстремистік топтар мен діни фанаттардың сол топтарға тарту әдістері туралы да әңгімеледі. Радикалдық сипаттағы діни ағымдар мен идеялардың жетегінде кетпес үшін әрбір адам рухани бай болу керектігі айтылды.

Еркін түрде өткен отырыс соңы диологқа ұласты. Мемлекеттік қызметшілер сауалдарын қойып, кейбір мәселелерді ортаға салды. Семинардың жас мамандар үшін маңызы жоғары болды.

Изображение 073

Изображение 062