Ақтауда 14 шағынаудан «Астана» сауда үйінің алдында жаяу жүргіншіге арналған бағдаршам орнатылды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Жаяу жүргіншіге арналған бағдаршам «Асет-А» ЖШС-ның директоры Әсет Жарылғасовтың бастамасымен орнатылды. Оған 3 миллион теңге қаржы жұмсалған екен. Ал бағдаршам 3 күн ішінде іске қосылған.

Ақтау қаласына жаяу жүргіншіге арналған бағдаршам сыйлыққа берілді
Суретті ұсынған Әсет Жарылғасов

«Жаяу жүргіншіге арналған бағдаршам Ақтау қалалық әкімдігінің және МО полиция департаментінің келісімімен «Астана» сауда үйі алдындағы жолдың екі жағына орналастырылды. Мұнда адам көп жүреді, сондықтан бағдаршам тұруы керек. Бір жағынан жүргізуші мен жаяу жүргіншінің қауіпсіздігіне де назар аудардық», — дейді «Асет-А» ЖШС-ның директоры Әсет Жарылғасов.

Ақтау қаласына жаяу жүргіншіге арналған бағдаршам сыйлыққа берілді
Суретті ұсынған Әсет Жарылғасов

Айта кетейік, кәсіпкер бастамасымен іске қосылған бағдаршам Ақтау қаласына сыйлыққа берілді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суретті ұсынған Әсет ЖАРЫЛҒАСОВ