Нұрдәулет Қилыбай
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Аптаның алғашқы күні Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен кезекті аппарат жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде жекешелендіруді жүргізу барысы және суға шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2016–2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес облысымызда 27 нысан жекешелендіруге жатады (коммуналдық – 19, СПК – 8). Оның ішінде 18 нысан бойынша 2016–2018 жылдары 1,7 млрд.теңге игерілген. Бұдан басқа, оларды тарату туралы шешімге байланысты 8 нысан сауда-саттықтан алынды   (коммуналдық – 6, СПК–2).

Олардың ішінде 2018 жылы 12 нысан жүзеге асырылды: 5 нысан сатылды («МО Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ 49%, «Маңғыстауагросервис»    ЖШС, «Тазалық» МКК, «Маңғыстау» инвестициялық компаниясы» АҚ, «Каспий-Берекет» ЖШС); 3 объекті сенімгерлікпен басқаруға және кейін сатып алу құқығымен берілді («Кәсіптік волейбол клубы «Каспий» ЖШС, «Маңғыстауқұрылысинвест» ЖШС, «Қала жолдары» ЖШС); 4 объекті экономикалық жағынан тиімді болу үшін жеке меншікке берілді («Жас қанат» ЖШС, «Экологиялық зерттеу зертханасы» ЖШС, «Маңғыстау облыстық сумен жабдықтау жүйесі» МКК, «Каспий техникалық флоты» ЖШС).

— Қалған 1 объектіге («Caspiy Build» ЖШС) биз­нестік сектор ретінде қызығушылық түспеген, дегенмен кейіннен сату құқығымен сенімгер­лік басқаруға беру арқылы осы объектіні жекешелендіру бойынша барлық шаралар қабылданды. Айта кету керек, 2018 жылдың 20 сәуірінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ осы объект бойынша директорлар кеңесі жол картасын бекітті. Оған сәйкес объект аукцион арқылы сатылымға шыққан. Алайда, «Caspiy Build» ЖШС­-ның (Аққу-­3 тұрғын үй ке­шені, Құрық­-порт – Құрық жолы, 25 км.) теңгерімінде аяқ­талмаған нысандардың болуына байланысты кейіннен са­тып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру әдісімен қайта қаралғандықтан сату алдындағы дайындық кешік­тірілді. 2018 жылғы 13 желтоқсанда сенімгерлік басқаруды кейіннен сатып алу құқығымен беру туралы конкурс өткізу туралы хабарлама шығарылды. 2018 жылғы 28 желтоқсан күні конкурстың қорытындылары қатысушылардың бол­ мауына байланысты жарамсыз деп танылды. Хабарламаны қайта жариялау 2019 жылдың ІV тоқсанына жоспарланған, – дейді сала жөнінде баяндама жасаған облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тамара Нысанбаева.

Сонымен катар биыл мамыр айында жарғылық капита­лында 100% мемлекеттік үлесі бар «Каспий коммуналдық қызметі» ЖШС­-дан кейін сатып алу құқығымен сенім­герлік басқаруға берілген шарт сенімгерлік басқарушы – жеке кәсіпкер Есенжанова шартта көзделген өз талаптарын орындамағаны үшін 2016 жылғы келісім шарт бұзылды, сондықтан 593,2 млн.теңге құрайтын қаржы игерілмеген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бүгінгі күні коммуналдық меншікті сатудан жергілікті бюджет бойын­ша 259,9 млн.теңге төленді. Ал қалған 469 млн. теңге 2019– 2023 ж.ж. сатып алу-­сату келісім шарттарына сәйкес төле­нуі тиіс. «Каспий» ӘКК еншілес компанияларын сатудың іс жүзінде 272,0 млн. теңгесі төленді, ал қалған 64,8 млн. теңге 2019 жылдың соңына дейін сатылым шартының кестесіне сәйкес төленетін болады.

Сондай-­ақ бас қосу барысында төтенше жағдайлар де­партаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Мұ­ханов суға шомылу маусымына орай қолға алынған қа­уіпсіздік шараларына байланысты өзекті мәселелерге тоқталып, қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала қа­уіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жан-­жақты ақпарат таратылатынын айтып өтті.

Өз тілшіміз