Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Өскеменде спорт ардагерлері арасында республикалық спартакиада өтті. 20-22 шілде аралығында ұйымдастырылған жарыс спорттың он үш түрінен болды. Дүбірлі додаға Маңғыстау облысының қазақ күресінен 9 спорт ардагері қатысып, үш қола медалді еншіледі.


02

Тарқатып айтар болсақ, 41-50 жас аралығындағы ардагер спортшылар арасында маңғыстаулық Серік Чакенов (90 келі салмақ та) қоланы місе тұтса, екінші қола медалді түпқарағандық Сағынғали Айтанов иеленсе, 51-56 жас аралығындағы ардагерлер арасында қарақиялық Саурғали Кубегенов үшінші қола медалді ұтып алды.

-120-дан аса ардагер балуандар қатысқан тартысты бәсекеде маңғыстаулық құрама 94,5 ұпаймен команда бойынша алтыншы орынға тұрақтады. Жарысқа тыңғылықты дайындалу мен қатысуға мүмкіншілік жасаған Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына, мекеме басшысының міндетін атқарушы Раушания Елизароваға ардагерлер атынан алғысымды айтамын,-дейді Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Жамбыл Бисенқұлов.

Венера МИРЛАН