konkurs den jurnalist

Таяқ жерге тасталды, байқау басталды!

«Маңғыстау-Медиа» сайты Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистикаға қызығатын жастар арасында ұйымдастырған байқау басталды.

Байқаудың басты шарты — бұған дейін еш жерде жарияланбаған «Туған өлкем» тақырыбында жазылған мақала мен бейнесюжеттер қабылданды.

Бүгін 25 маусым мен 28 маусым аралығында сайтта ең көп қаралым жинаған жұмыс байқау жеңімпазы болады. Сондай-ақ кəсіби журналистерден құралған əділ қазылар да Арнайы сыйлықтың иегерін анықтайды. Байқау 28 маусым күні сағат 10.00-де тоқтайды. Ал, қатысушылар, іске сәт!

Байқауға 9 қатысушы өз жұмыстарын жіберді. Олардың «Туған өлке» тақырыбындағы материалдары мен бейнесюжеттерін әр қатысушының аты-жөнінен басып көруге болады:

  1. Мөлдір Әбиева
  2.  Әлішер ХАБИДОЛЛА
  3. Назибекова Аружан Дамирқызы
  4. Артур БОРАНБАЙ
  5. Альбина Ақмырзаева
  6. Тайманова Таңнұр Қылышбайқызы
  7. Зияда Тініқұл
  8. Сүйінбай Мақпал Саматқызы
  9.  Айнұр Бабасқызы