konkurs den jurnalist

Журналистикаға қызығатын жастар арасында ұйымдастырылған байқаудың қатысушысы —

 Әлішер ХАБИДОЛЛА

Бейнеу лицейінің 10 сынып оқушысы. Журналистік жолға өте ерте қадам басқан. 8-сыныптан бастап спорт журналистикасына қызығып, осы салада қызмет етіп жүрген Ермұхамед Мәулен, Ержан Көшкінбаев сынды ағаларынан сабақ алған. 2018 жылдың ақпан айында Астана-Спортинг ойынына спорт журналисі болып барып қайтты.

«Бір қызығы сол жерде бүкіл Қазақстан бойынша «ең жас спорт журналисі» мен екенмін. Ол маған үлкен қуаныш болып, бойыма жаңаша қуат берді», — дейді ол.

Әлішер бүгінде футбол туралы видеолар жасап жүр. Осы салаға енді-енді төселіп келе жатқан жас буын өкілі.

Байқау ережесін мына сілтемеден оқи аласыз.