Білім беру тарихы 80 жылдан  асып кеткен ұлттықуниверситет Қазақстан ЖОО бас рейтингісінің көсбасшысы. ҚазҰУ алғаш болып ҚР Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атанған оқу орны. Университет қызмет көрсету сапасындағы жетістіктері үшін ТМД елдерінің ықтымақтастығы сыйлығының дипломанты атағын женіп алған. QS (Ұлыбритания) Халықаралық рейтингтік агенттігінің мәліметінше ҚазҰУ 2015-2016 оқу жылында әлемдік 250 үздік жоғары оқу орындарының арасынан 236 орынды бағындырды.

Университет Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойдыIQNET Халықаралық сертификация жүйесі орталығының куәлігіне ие болды. Университетте студенттер алмасу және тәжірибе өткізу бойынша әлемнің ірі халықаралық ЖОО-мен бірлескен оқу бағдарламасы жолға қойылған. Жоғары оқу ордасында инновациялық қызмет орталығы жұмыс жасайды. ҚРПрезиденті, ел Үкіметі, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен салынған «ҚазҰУ қалашығы» мақтауға тұрарлық. Студенттер қалашығында мол кітапхана қоры бар, Wi-Fi жүйесі іске қосылған. Оқузертхаланалық корпустаржайлы жатақханалар, оқу залдары, Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, тамақтандыру комбинаты, спорт кешені мен стадион, студенттерге қызмет көрсету орталығы, тіпті қажет десеңіз бассейн орналасқан.Университетте 15 факультет, 22 ғылыми-зерттеу институттарытехнопарк жұмыс істейді. Сонымен қатар 1934 жылдан бері әскери кафедра өз қызметін жалғап келеді. Әскери кафедра түлектері әскери мамандық пен офицерлік атаққа ие болмақ.

Студенттерге дәріс беруші оқытушылар құрамы профессор-докторлар, академиктер, ғылым кандиданттары, ҚР-на еңбегі сінген қайраткерлерден құралған. Әлем мойындаған ҚазҰУ қабырғасында таяу және қиыр шетел азаматтары да білім алуда. Университетіміз 1950 жылы Юнеско базасында құрылған Университеттердің халықаралық ассоциациясының (IAU) және Университеттердің Еуроазиялық ассоциациясының (УЕА) мүшесі.

Университетте мансап және бизнес орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтың міндеті: студенттерге және түлектерге табысты маңсап құруға, кәсіби өсуіне және дамуынақолдау таныту. Сонымен қатар ҚазҰУ-да жұмыс берушілер кеңесі жұмыс істейді

Университеттің ең ірі факультеттерінің бірі – Экономика және бизнес жоғары мектебі. Бұл факультетте үздік классикалық дәстүр негізінде қазіргі заманауи әдістермен білім беріледі. Сонымен қатар экономика және бизнес жоғары мектебінде ағылшын тілін оқытуда академилиялық топтар ашылуда. Факультет студенттері әскери дайындықтан өте алады. Экономика және бизнес жоғары мектебі ғылыми инновациялық білімді одан әрі жетілдіру мақсатында көптеген шетелдік алдыңғы қатарлы ЖОО-мен тығыз байланыс орнатқан. Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттерге оқу-тәжірибелік жұмыстардан басқа, бос уақыттарын тиімді де мәдениетті түрде өткізу үшін, барлық жағдай жасалған.  Атап айтар болсақ, білім алушы клубы жанынан ұйымдастырылған 10 үйірме  жұмыс жасайды. Әр үйірменің өз мақсаты мен талабы бар. Білім алушы клубының негізгі мақсаты жастарға ұлттық мәдениет пен дәстүрді үйретушығармашылық қабілетті арттыру және де спорттық шараларды ұйымдастыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Құрметті мектеп бітіруші Жас Түлектер, өзіңіздіҚазақстанның жоғары білімді элитасы қатарынан көргіңіз келсе, онда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне оқуға түсуге шақырамыз.

э.ғ.к., доцент  М.Б.Байдәулетов
есеп және аудит кафедрасының 
4-курс студенті  Н.А.Нұрболғанова