Мисс Маңғыстау

Облыстық «Маңғыстау Аруы — 216» сайысы өз мәресіне жетті. Думанды додада 13 бойжеткен бақ сынасып, көз тоймас көркі, терең ақыл-ойы мен таным-талғамы, көркем мінез, сүйкімді қылығы әділ қазылар талқысына түсті. Алдымен қызғалдақ-қыздар түп-тамыр, ата-тегін таныстырып, қазақы нақыш, ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдерді көрермен назарына ұсынды. Латынамерикандық «Бачата» биімен ерекше ықыласқа бөленіп, әсем әуенге еліте, ырғала тербелген қос жұп «Вальс» биін биледі. Көркіне сымбаты сай сұңғыла сұлулар сындарлы сыннан сүрінбей өтуге барын салды. Табанды еңбек, ынта-ықылас әрі жеңіске деген зор сенім алға жетелегендей. Әйтседе, әр кезеңде өзгелерден оқ бойы озық тұрған Ляззат Ақшаева жеңіске жетіп, бас жүлдені иемденді. Спортқұмар, сергек әрі сымбатты, сәнқой бойжеткенге сұлулық тәжі бұйырды. Жеңімпаз республикалық «Қазақстан аруы» байқауына жолдама алды. Ендігі ретте Ляззат Елорда төрінде өтетін байқауда өңір мәртебесін биікке көтермек.

«Есімімді естігенде зор толқыныс үстінде едім. «Қазақстан аруы» сайысына қатысу ­- балалық шақтан бергі басты арманым. Өз ойым, жаны сұлудың тәні сұлу. Ішкі рухани дүниең, ақыл-ой, сана-сезімің сұлу сымбатың, көркіңмен үндесее өте тамаша болар еді. Мен бүгін өте бақыттымын. Мені қолдаған анама, жаныма жақын жандарға алғысымды білдіремін»,-деді Ляззат Ақшаева.

1
«Биыл «Қазақстан Аруы» республикалық байқауына 20 жыл толмақ. Қатал талап қойылып, жан-жақты дайындық, қызу талас жүреді деп күтілуде. Сондықтан қатысушылар осал болмауы тиіс. Қызығушылығы мол, өзіне сенімді, сұлу әрі сымбатты бойжеткен ғана жеңіс тұғырынан көріне алады»,-дейді модельдік агенттік директоры Татьяна Коробейникова.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

5

2

3