Сәуір айының ортасында Мəскеудің Королев ғарышкерлер қалашығында өткен «Созвездие-2016» Халықаралық ғылыми жоба байқауында «Адам. Жер. Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми–зерттеулер жобаларының жалпы ресейлік олимпиядасында ғарыштық зерттеулерімен ғылыми жобаларын қорғап, Маңғыстаулық 7 оқушы да жүлделі III –орын иеленген.

Облыс атынан аттанған 7 оқушы арасында Түпқараған ауданының дарынды оқушылары да барын естіген бойда, Түпқараған аудандық білім беру бөлімі мен Түпқараған аудандық «Дарын» қосымша білім беру орталығына хабарласып, Түпқараған ауданындағы жалғыз орыс мектебі М. Горький атындғы мектеп-лицейден Өркен Жұмакулов жетекшілігімен 11 сынып оқушысы Тыйлов Нұрлыбек, №1 мектеп–лицейден Нұрнияз Көгенбай жеткешілігімен 11 сынып оқушылары Найман Қарамурзаев, Наурызбек Елубаев, осы мектептен Арайлым Сабырбаева жетекшілігімен Майра Ерімбетова және Нұрсұлтан Әлімбаев сынды оқушылар жүлделі III-орын алғандықтары жөнінде біліп, Түпқарағандық жас дарындардың соңғы кездегі жетістіктері еселеніп келе жатырғанына қуаныштымыз!

Милана ЕЛЕУСІНОВА