NCOC компаниясының «Түпқараған ауданы ауыл жастарының әлеуеттілігін арттыру» атты әлеуметтік жобасы негізінде «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Медиация. Медиация түсінігі мен техникасы» тақырыбында  Ақтау қаласы «Сая» шипажайында аудан жастарының қатысуымен екі күндік семинар-тренинг өтті.                                                                                                               

Семинар-тренингке Түпқараған ауданына қарасты барлық елдімекендерінен 14-29 жастағы жастар мен жастар ісімен айналысатын мамандар қатысты. Семинар-тренингті «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянс» ЗТБ президенті, медиатор Жібек Ахметова пен осы ұйымның жоба координаторы Мөлдір Амангелдиева жүргізді.

 Қатысушылар қақтығыс және медиация ұғымы жөнінде ақпараттар алды. Арнайы ақпараттық парақтар таратылып, бейнероликтер көрсетілді. Тренинг соңында жастар шараның жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанына өз алғыстарын жеткізсе, ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар тапсырылды.

— Екі күнге созылған «Медиация» тақырыбындағы семинардан көріп біліп жасаған түйінімді айтайын. Аталмыш шараға мұрындық болған «Түпқараған жастар» жастар қоғамдық бірлестігі мен NCOC команиясының арқасында тақырып аясында ұйымдастырылған семинарда көп нəтижеге қол жеткіздім деп айта аламын. Теориялық мағлұмат,оны практика жүзінде іске асыру, ситуациядан шыға білу жəне кикілжің болдырмау сияқты күнделікті өмірде қажет қасиеттерді бағамдадық.Ал ең бастысы достар таптым,-дейді тренингке қатысушы  Ромат Мукашев.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

Сурет, бейнежазбаны  түсірген Наурызбек МАҒДАТОВ

img_1970

img_2062-1