Бүгін Түпқараған ауданының мәдениет үйінде терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін  Мемлекеттік қызметшілердің  мерекесі мен елдің елдігін қадағалап, ішкі тәртібін бақылап отыратын полиция қызметкерінің  төл  мерекесіне арналған салтантты жиын өтті.

Мерекемен  құттықтау  үшін  сахна  төріне  аудан  әкімі  Асауов  Темірбек  Тыйылұлы  шақырылып, 23 маусым — мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері  күні мерекесіне орай, қызметтік міндеттерін адал атқарып және ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін облыс әкімінің «Алғыс хатын» аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы — Көшербаева Рзыхан  Мурзагелдіқызы, Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының бас маманы-Түйешиева Анар Түркменбайқызына табыс етті. Сонымен қатар, облыс әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» бір топ мемлекеттік қызметкерлер марапталды. 

Сондай-ақ, бір топ мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Алғыс хаты» табыс етілді.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатын» Түпқараған ауандық мәслихаттың хатшысы Айкүміс Сәрсенғалиқызы Досанова мен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Қуанбай Амалбек Жолжанұлына арнайы табыс етті.

Ел тыныштығын күзету сабындағы полиция қызметкерлерін құттықтау үшін сөз алған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Мұханбетқали қызметкерлеріне облыс әкімінің «Құрмет Грамотасы» мен бөлім атынан «Алғыс хат» марапаттарын ұсына отыра, Қазақстан полициясының 24 жылдығымен құттықтады.

Жиын соңы мемлекеттік қызмет сабында жүрген Әлия Қосбармақ пен Эльмира Келбетова өздерінің өнерге жақындықтарын білдіріп, әннен шашу шашты. 

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суретке түсірген автор

IMG_0002

IMG_0022

IMG_0032