сертификат

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген 60  түйіндеме арасынан мамандықтары жоқ, жұмысқа ынталы азаматтардың 25–ін іріктеп алып,  жүк ілдіруші, матаушы мамандығына тегін оқытқанын жазған болатынбыз. Курсты ұйымдастырушы, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырушы аудандық «жұмыспен қамту орталығы» бүгін курсты аяқтаған 25 азаматқа куәліктерін тапсырды.

Мемлекет беріп отырған бұл мүмкіндік арқылы оқып, сертификат иеленгендер кәсіптік білімін жаңа жұмыс орындарында қолданып, жұмыссыздар қатарын азайтатындарына сенімді. Белгілі бір мамандығы мен кәсібі жоқ бұл азамттар жұмысқа орналасу үшін алдымен құжаты болу керектігін жақсы түсінеді. Осы уақытқа дейін жұмыс сұрап барған жерлерінің де талаптары осы.  Аз уақытта тегін алған кәсіптік білімдерін табыс табумен ұштастыруды үміт еткен азаматтардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Бірі кеше ғана мектепті бітірсе, бірінің уақытында оқуға мүмкіндігі болмаған бүгінде көп балалы әке. Сертификат серпін беріп, кәсіп алғандар енді жұмыс нарығына бойлап кетсек деген ниетте түйіндемелерне осы «жүк ілдіруші» мамандығына сертификатының барын жаза жаңа жұмысқа ұсынуға асық.

Милана ЕЛЕУСІНОВА