«Қазақинвест» компаниясының Маңғыстаудағы өкілдігі Италия, Израиль, Түркия, Жапония, Қытай, Дания сияқты 10-нан астам елдің инвесторларымен кездесу өткізген. Түрік компаниялары көбінесе құрылыс саласына, европалықтар экология, қайта өңдеу саласына қаржы салғысы келеді екен. Қазіргі уақытта Құрықта тәулігіне 50 мың текше метр су тұшытатын зауытсалу жобасы талқылануда. Оған 9 компаниядан өтінім түскен, арасында франциялық, даниялық, израильдік инвесторлар да бар.

Айта кетерлігі, «Қазақинвест» ҰК» АҚ 2017 жылдың наурыз айында шетелдік инвесторлармен инвестициялық жобаларды талқылауда Қазақстан Үкіметінің мүддесін білдіретін біріңғай келіссөз жүргізуші ретінде құрылды. Ал, өңіріміздегі өкілдігі сәуір айында ашылды. Бүгінде облыс әкімінің шетелдік инвесторлармен кездесулерінің барлығы «Қазақинвест» компаниясы өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ