Қазақстан Республикасы егемендік алғалы елімізде алғаш құрылған аудан—М(ұнайлы ауданы. Тәуелсіздіктің төл перзенті саналатын бұл ауданда бастапқыда  43 мың тұрғын болса, он жыл ішінде бұл көрсеткіш үш есе артып, 140 мың адамға жетті. Құрамына Маңғыстау, Баянды селолары мен Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен, Басқұдық, Батыр селолық округтері енген.

1- су тушыту зауоты (4)

Осынау жас ауданға танысу сапарымен барған облыс әкімі Ералы Тоғжанов алдымен Ақтау қаласының іргесінде орналасқан «Каспий» су тұшыту зауытының жұмысымен танысты. Осы жылы, зауыт жаңартылғаннан кейін оның қуаты тәулігіне 20 мың текше метр суға дейін артып, Мұнайлы ауданының Батыр және Атамекен ауылдарын, Қарақия ауданының Құрық ауылын, барлығы 90 мың тұрғынды сапалы ауыз суымен қамтамасыз етіп отыр.

1- су тушыту зауоты (6)

-2019 жылдың бірінші тоқсанында зауыттың тәулігіне 40 мың текше метрге дейін су өндіруі үшін зауытты жаңғыртудың екінші кезеңін қарап шығуыңызды сұраймыз. Бұл кезеңді дамыту жоспары–бес миллиард теңгені құрайды. Қаржының бір бөлігі ескі құрылғыларды жаңартуға, жаңа құбырлар құрылысына, автоқұйғыш машиналарды жаңартуға жұмсалатын болады. Ол өз кезегінде Түпқараған және Маңғыстау аудандарын жүйеге қосуға, СЖОБ-4 арқылы техникалық судың жіберілуін Ақтау қаласының солтүстік бөлігіне ауыстыруға мүмкіндік береді. Зауыт орналасқан бұл жерден барлық аудандардың орталық магистралі өтеді. Апаттық жағдай болған кезде МАЭК-пен бір-бірімізді алмастыра аламыз. Біз жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша екі зауыттың суын араластырсақ, адам денсаулығына зиян келмейді. Зауыттың әлеуетін 100-120 мың текше метрге дейін өсіруге болады,-деді «Каспий» су тұщыту зауытының директоры Владимир Мурашко.

 2- ауыз сумен камту Атамекен (2)

Осыдан кейін Ералы Тоғжанов Атамекен мен Батыр ауылдарындағы сумен қамту желісінің жұмыстарымен, Батыр ауылындағы әрқайсысы 4 пәтерлік 40 жалдамалы тұрғын үйдің инженерлік желілерін жайғастыру құрылыстарымен танысты.

  -Бүгінгі таңда Маңғыстау ауылының көп пәтерлі 52 тұрғын үйлері мен Маңғыстау-1,2  тұрғын үй массивтері, Дәулет ауылы және Баянды ауылының Баянды-1,2 тұрғын үй массивтері құбыр арқылы берілетін ауыз сумен толық қамтылған. Ол жалпы аудан тұрғындарының 18 пайызын қамтып отыр. 2016 жылы Мағыстау ауылының кварталдарын, Атамекен және Батыр ауылдарын, Баянды ауылының Баянды-3 тұрғын үй массивін сумен қамту жұмыстарына 1 485,2 миллион теңге бөлініп, ағымдағы жылы жұмысын аяқтауға 2 278,8 миллион теңге бөлініп отыр. 2017 жылы Басқұдық ауылын және Маңғыстау ауылының Маңғыстау-4 тұрғын үй массивін сумен қамту жұмыстарын бастауға 1 005,8 миллион теңге қаржы бөлініп, 24-сәуірде конкурс қорытындысы шығады. Сонымен бірге, Қызылтөбе ауылын сумен қамту құрылысының ЖСҚ-сы дайын, жобаның құны 2 202 миллион теңгені құрап, республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Қазіргі таңда Маңғыстау ауылының Маңғыстау-3,5 тұрғын үй массивтерін сумен қамту құрылысының және Атамекен, Басқұдық ауылдарындағы дренаж жүйесі құрылысының ЖСҚ-сы жасақталуда,-деп атап өтті Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев.

  Ералы Лұқпанұлы жергілікті атқарушы органға игерілген қаржының тиімділігін және жоспардың орындалу мерзімін қатаң қадағалай отырып, халықты сапалы ауыз сумен қамту бойынша жобаларды жүзеге асыруды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.

  Сондай-ақ, ол  Батыр ауылдық округіндегі №10 орта мектепте болды. Заман талабына сай жабдықталған жаңа мектептің жұмысымен танысып, мұражайын тамашалаған ол сыртқы көркі мен ішкі жағдайы сай келетін мұндай мектептің еліміздің кез-келген аймағынан табыла бермейтінін атап айтты.

                            Ауданда агроөнеркәсіптік аймақ ашылады

  Өңір басшысы Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданының Батыр ауылынан ашылатын агроөнеркәсіптік аймақ жұмыстарымен танысты.

3-Жылыжай (5)

  Аудандағы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған нысан «Ақтау-Құрық» жолының бойында орналасатын болады. 20 гектарды құрайтын алаңда ауылшаруашылығы саласында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін жер телімдері беріледі. Қазіргі уақытта «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ су жинақтайтын пункт құрылысын аяқтауда. Оған жергілікті бюджеттен 93 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар тамшылай суару жүйелерін инженерлік коммуникацияларды іске қосу және агроаймақ аумағын жабдықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 3-Жылыжай (7)

-«Каспий» ӘКК-ге агроөнеркәсіптік аймақты дайындау бойынша барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырамын. Бұл пункттерге суару үшін су жинауыш пен инфрақұрылым құрылысын аяқтау, тамшылай суару жүйелерін қондыру жұмыстары кіреді. Мұнайлы мен Қарақия аудандарының әкімшіліктері ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге агроөнеркәсіптік аймақтан жер телімдерін бөлу бойынша тізім дайындасын. Бұл жұмыстарды 2017 жылдың үшінші тоқсанына дейін аяқтау керек,-деді Ералы Тоғжанов.

  Сондай-ақ облыс басшысы «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жылыжай кешеніне барып, ондағы жаңа жылыжайлар құрылысымен және олардың аумағын кеңейту жоспарымен танысты. Бұл барлық көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін өсірумен айналысатын шағын бизнес субъектілерін кооперацияға біріктіруге көмектеседі.

                                Көппәтерлі 12 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

8-22квартл тургынуй (1)

  Ералы Лұқпанұлы Мұнайлы ауданындағы сапарында Маңғыстау ауылының 22-кварталындағы 12 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоспар бойынша әрқайсысы 24 пәтерлік төрт қабатты 20 үй салынады.

  -Алғашқы 12 үйдің құрылысын шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр,- деді Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев.-Әр нысанда 10-20 шақты қызметкер жұмыс жасайды, олардың көбісі аудан тұрғындары. Бізде барлығы 7 мердігер мекеме қызмет етеді. Бүгінгі таңда тұрғын үй алу кезегінде 2517 адам тұр. Бұл үйлердің құрылысы аяқталысымен, 288 тұрғын үй баспанамен қамтамасыз етіледі. Қалған 8 үйдің құрылысына тиісті қаражат бөлініп, қазіргі уақытта тендер өткізілуде. Ол үйлердің құрылысын келесі жылдың ортасында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оған коммуникация жүргізу үшін 1 миллиард 233 миллион теңге көлемінде қаражат қажет. Жобасы дайын тұр.

                                   Теміржол вокзалының ғимараты жаңартылады

  Маңғыстау облысының тұрғындары теміржол вокзалының алдындағы аумақты кеңейту жөніндегі мәселені бірнеше мәрте көтергені белгілі. Бұрынғы автотұрақ қолайсыз және заман талаптарына сай емес.

6-Темиржолшылармен кездесу (2)  Бүгінде Мұнайлы ауданының әкімдігі теміржол вокзалы жанындағы аумақ пен автокөлік тұрағын кеңейту және абаттандыру бойынша жоба жасақтады. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 72 миллион 800 мың теңге бөлінді. Айналып өтетін жол салынып, автокөліктерге арналған тұрақ алаңы 3200 метрге кеңейтіліп, абаттандырылды. Бұл  кезегінде жолдағы кептелістің санын азайтуға көмектесті.

 

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 31 наурызға дейін вокзал ішіндегі барлық коммерциялық нысандарды алып тастауды тапсырды. Сондай-ақ, теміржол вокзалының ғимараты заманауи стандарттарға сәйкестендіріліп, кіру және шығу есіктері кеңейтілетін болады. 

  Денсаулық сақтау нысаны мен халыққа қызмет көрсету жағдайы

  1967 жылы 40 төсекті тораптық теміржол ауруханасы ретінде салынған емдеу мекемесі бүгінде саны 140 мыңға жеткен Мұнайлы халқы үшін тарлық ететіні түсінікті. Мұнда 52 дәрігер мен 107 медбике қызмет етеді.

  9-Емхана (3)-Мұнайлы ауданының құрылғанына дейін бұл жерде 2 дәрігерлік амбулатория мен 1 стационар ғана болды. Қазіргі уақытта 7 дәрігерлік амбулатория мен 3 стационар қызмет етеді. Халыққа барлығы 14 медициналық нысан қызмет көрсетеді. 2013 жылы 150 төсекті аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. 4 блоктан тұратын ауруханада перзентхана, хирургиялық, терапевтік, жұқпалы аурулар бөлімі, балалар және қосалқы диагностикалық бөлім қарастырылған. Қазіргі уақытта оның жобалық-сметалық құжаты түзетуге жіберілді, шамамен 2017 жылдың мамыр айында дайын болады. Содан кейін оны Денсаулық сақтау министрлігіне тағы да жолдаймыз. Маусым айының соңында бюджет бекітіледі. Осы айдың аяғында құрал-жабдықтардың тізімі келеді,-деді Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Төлегенұлы.

  -20-мамырға дейін Маңғыстау ауылынан салынатын 150 төсекті орталық аудандық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіп, мемлекеттік сараптамасын алуға уақыт беремін. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің бекітілуі кезінде «Маңғыстау ауылынан салынатын 150 төсекті орталық аудандық аурухананың құрылысы» жобасын қосуды ұйымдастырсын, -деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

  Сондай-ақ ол Мұнайлы ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 525 қызмет түрі көрсетіледі. Күніне ХҚКО қызметкерлері 500-600 адамды қабылдайды. Уақытша тіркеуден өткізу кезінде күніне 1000 тұрғынға қызмет көрсеткен.

  Мұнайлы ауданы активінің кеңейтілген отырысы

  Мұнайлы ауданына алғашқы жұмыс сапарымен келіп, аудан активімен кездескен облыс басшысы Ералы Тоғжанов халқымыздың ең ұлы мейрамы, ел қуанып, жер жаңғыратын Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

 11-Акимат жиналыс (2)

Бұған дейін Маңғыстау ауданы мен Жаңаөзен халқының хал-жағдайымен танысып келгенін айтқан ол бүгін осы ауданның бірқатар ауыл мен ауылдық округтерінде болып, ауданда барлық сала бойынша жасалып жатырған жұмыстармен танысып шыққанын және аудан активімен кеңестін бірқатар іс-шаралар бар екендігін айтты.

  Жиналыста аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев Мұнайлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2016 жылы атқарылған іс-шаралар мен 2017 жылы атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады. Нұрлан Төлегенұлының айтуынша, 2016 жылғы аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан 16 ұсыныс-пікір келіп түсті, олардың орындалысы төмендегідей болды:

  Тұрғындар тарапынан ауылішілік бас жол «Қызылтөбе-2–Жаңа Дәулет» ауылдарын байланыстыратын жол құрылысы жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 7 шақырым 800 метр жолдың 3 шақырым 800 метріне асфальтбетонды жабынды төселді. Биылға 302,6 миллион теңге қарастырылды, жұмыстар осы жылы жалғасып, аяқталатын болады (құны – 378,1 миллион теңге. Мердігер «МКДСМ» АҚ).

  Сонымен қатар, жобаға сәйкес, Басқұдық, Атамекен ауылдық округтерін қосуға бағытталған құны–91 миллион теңгені құрайтын, 2 шақырым 700 метр жол құрылысының жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (мердігер  «Ақжол-Құрылыс» ЖШС).

  Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінің 15 шақырым ауылішілік автокөлік жолы құрылысының  3 шақырымына асфальтбетонды жабынды төселді. 2017 жылға 200 миллион теңге қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары қаражаттың бөлінуіне қарай кезең-кезеңімен жалғастырылатын болады (Келісім-шарт құны–793,5 миллион теңге (мердігер: «СМК-Атамекен» ЖШС.)

 Тұрғындар тарапынан Атамекен ауылдық округінің 5 тұрғын массивінің ескі электр желісінің әлсіздігі мен қайта жөндеу, жарық шамдарын орнату қажеттілігі жөнінде мәселе қойылған болатын. Осыған сәйкес, Атамекен ауылдық округінің Көктем, Шағала, Қаламқас, Туған ел және Атамекен тұрғын үй массивтерінің электр желісін қайта құрылымдау жұмыстарына облыстық бюджеттен 316 миллион 400 мың теңге бөлінді, жұмыстары өткен жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталды. (мердігер «Бейнеу   Газ» ЖШС).

  Аудан әкімі тұрғындар талап-тілегіне сай жүзеге асырылған өзекті мәселелергні жеке тоқталды.

  Мұнайлыда өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2016 жылы 58 699,4 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 561,9 миллион теңгеге көбейіп отыр. (2015ж.-51 137,5 миллион теңге). 2017 жылдың  қаңтар-ақпан айында 7933,8 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 438 миллион теңгеге көбейді. (01.03.2016ж.-7495,8 миллион теңге).

  Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері 109,6 % болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20% көбейген.  (2015ж.–89,8%). 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 18 819,2 миллион теңгені құрап, алдыңғы жылмен  салыстырғанда 10 489 миллион теңгеге азайған. (2015ж.–29 307,4 миллион теңге). Бұл көрсеткіш статистикалық мәліметтерге сәйкес, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша (55,8%), көлік және қоймалау бойынша (99%), өткен жылмен салыстырғанда төмендеуінен болып отыр.

2017 жылғы 1 наурыз жағдайына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4 128,4 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 346,9 миллион теңгеге көбейді. (01.03.2016ж. – 2 781,5 миллион теңге) немесе 48,4 пайызға өсіп отыр.

  Денсаулық сақтау саласында да жетістіктермен қатар кемшіліктер де аз емес. Ауданда сәби өлімі, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші едәуір төмендеген. Жас мамандар жұмысқа тартылып жатқанымен, кадр ташылығы әлі де байқалуда.

11-Акимат жиналыс (13) 

Аудан әкімінің баяндамасында толық қамтылған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың ешқайсысы облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Ералы Тоғжанов әр мәселеге орай өз ұсынысы мен ескертпесін айтып,  әкімдер орынбасарлары мен тиісті басқармалар басшыларынан мәселенің мән-жайын сұрап, тапсырмалар беріп отырды.

 11-Акимат жиналыс (21)

 Бұл тапсырмалардың кейбіріне тоқталсақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Алдашев пен құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Л.Бекжанов биылғы 31-мамырға дейін 150 төсекті орталық аудандық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіп, мемлекеттік сараптамасын алуға; 2018 жылғы 1-наурызға дейін Басқұдық ауылындағы емхана құрылысының ЖСҚ жасақтауға;  2018 жылғы 31-мамырға дейін NCOC қаражатымен Маңғыстау ауылындағы 100 орындық жатақхана құрылысын аяқтауға; алдағы жылдың екінші жартысында NCOC қаражатымен Маңғыстау ауылындағы 500 орындық мәдениет үйінің құрылысын және Маңғыстау-5 тұрғын үй массивіндегі 160 орындық дене тәрбиесі-сауықтыру кешені құрылысын бітіруге міндеттелді.

  Сондай-ақ ауданның өзге де әлеуметтік нысандарын, құрылыстарды қаржыландыруға байланысты тапсырмалар берілді.

 Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев ауылдар мен тұрғын үй массивтеріндегі әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру және нақты уақытында аяқтауға міндеттелді. Тапсырылған жұмыстардың дер кезінде орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысы А.Рзахановқа жүктелді.

  Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Табылды Әміров және ақсақалдар сөйлеп, өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ. 

10-ЦОН (3)