Қазақстандықтар 2016 жылдың желтоқсан айында 920,8 млрд теңгеге тауар сатып алған. Әрбір тұтынушы орташа есеппен 91 мың теңге жұмсаған. Бұл қараша айында тауарларға жұмсалған ақшамен салыстырғанда 37,6%-ға жоғары.

Тауарлар үшін ең көп қаржы жұмсаған қала — Алматы. Қала тұрғындары желтоқсан айында 243,7 млрд теңгеге сауда жасаған. Астана 110,5 млрд теңгемен екінші орында, әрі тұрғындар қараша айына қарағанда желтоқсанда тауарды көп сатып алған (+88,6%). Ал үшінші орында — Шығыс Қазақстан облысы. Облыстағылар сауда үшін 94,9 млрд теңге жұмсап, бір айда 48,7% өсім көрсетті.

1f3f44d4c1a022e55d17b769180f0b2f

a1c7216730140dcf2aa5d293f32c6411

Дереккөз:  7kun.kz