Халықаралық Кітап баспа Ассоциасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келе жатырған бұл атаулы күн 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 28 – сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, дәл осы күн «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды. 23 — сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күнін атап өтуді мақсат еткен Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Білім көзі –кітапта» атты «ашық есік күні» өтті.

Мектеп оқушылары мен балалар кітапханасы оқырмандарының қатысуымен өткен шарада кітапханашы Алтын жүргізіп, оқушыларға қызықты мәліметтер берсе, кітап пен авторлық құқық туралы мәлімет беру үшін аудандық «Ақкетік арайы» газетінің редакторы Милана Елеусінова қонаққа шақырылып, оқушылар сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушылар тарапынан оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, кітапхана оқырмандары көрініс қойды. Кітаптың шығу тарихы туралы қызықты мағлұмат, деректер ұсынған 5 –сынып оқушысы Ақбота Рақымжан балалар кітапханасының үздік оқырманы екен. Саязы Сағынғали есімді кітапхананың үздік оқырманы, мектеп оқушысы кітапты ұстау ережесімен таныстырды. Сонымен қатар, үздік оқырмандар мен Танаш Дәуренебеков шығармасы «Кітаптар мұңы» әңгімесінен көрініс қойған оқушыларды да балалар кітапхансының меңгерушісі Балым Тұрышова арнайы марапаттады.

Анар РАХИМБЕКОВА