Ақтау қаласында Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне орай сенбілік сәуір айында басталған еді. Бүгінде қаладағы 9 — 14 шағынаудандағы айналма жолға 150 мыңға жуық бір жылдық гүл егілді. Қаланы «Қазақ соқырлар қоғамына» қарасты «Талғар оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС көгалдандырады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Қаланы көгалдандыру барысында 23 шағынаудан маңындағы айналма жолға 1000 дана бұта және 2000 дана раушан гүлі отырғызылды. Ал 300 дана үштікенді қарамала талы 16 шағынауданның ішкі жол бойына егілсе, 8000 дана бұта 32-33 шағынаудандарға отырғызылған.

Ақтау көшелеріне 220 мыңға жуық гүл отырғызылады

Мердігер компания аймақ табиғатына бейімді гүлдер мен ағаштарды таңдап, келісім шарт бойынша Ақтау қаласындағы ботаникалық бақтан әкелген екен.

Көгалдандырушылардың айтуынша, қала бойынша барлығы 220 мың дана гүл мен ағаш жыл соңына дейін отырғызылады.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН