мұнай
Сурет ашық дереккөздерден

Бүгін «Қаламқас» кенорнында грифон анықталды. Оқиға орнына «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік өрт сөндіру қызметі келді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— 23 мамыр күні сағат 06.00-де Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Маңғыстау ауданындағы «Қаламқас» кен орнының диспетчерінен №2 мұнай-газ өндіру цехының №8237 ұңғымасында грифонның (газды-сулы бөлініс) пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті, — деп мәлімдеді төтеншеліктер.

Грифонның биіктігі 30-40 см. Ол ұңғыманың сағасынан 35 метр қашықтықта орналасқан.

— «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің күші мен автоцистернасы жұмылдырылды. «ММГ» АҚ мәліметінше, ұңғыманы басқаруға келеді. Ол атындыны болдырмау жабдығымен қамтамасыз етілген. Грифонның төмендеуге беталысы байқалады, — деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда да Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында газ грифондары пайда болып, 25 наурыз олардың бірінен өрт шығып, жалынның биікті 10 метрге дейін жеткен еді. 28 наурызда өрт сөндірілгеннен кейін кен орнындағы апатты тергеп-тексерген комиссия «Си Бу» Инженерлі Бұрғылау Компаниясы» ЖШС айыбын анықтады.