мешіт ауызашар
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затты садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау — ең абзал амалдың бірі.

Ораза айы басталысымен баршамыз пітір садақасын беруге асығамыз. Биылғы пітір садақаның мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді. Бұл пітір садақаның ең төменгі мөлшері болып табылады. Діни басқармадағылар садақаны аталған мөлшерден артық беруге де болатынын айтты. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. 2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. «Пітір садақасы» дегеніміз «садақа» деп аталуымен — ақ мол сауаптың көзі екенін аңғартады. Әрі ол барша мұсылманға уәжіп, яғни міндетті деп саналған. Пітір садақа һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы міндеттелді. Зекеттен бұрын пітір садақа уәжіп болды. Сол себепті әрбір есті азамат пітір садақасын беруі қажет. Хадисші Уәкиъ ибн әл-Жәррах (р.а.) пітір жайында: «Рамазан айындағы пітір садақа – намаздағы сәһу сәждесі іспетті. Намазда жіберген қателікті, сәһу сәждесін жасау арқылы толықтырамыз. Ал Рамазанда жіберген кем-кетіктерді пітір садақасын беру арқылы жоямыз», деген.

Пітір садақаны беру кімге міндеттелгеніне тоқталсақ:

1. Мұсылман болуы шарт;
2. Ешкімнің қол астында, яғни құлдықта емес, азат адам;
3. Өзінің қажетінен артық мүлкі бар адам.

Міне, осыларға пітір садақа беру уәжіп етілген. Ол тұрмысы төмен, отбасын асырай алмай отырған адамға міндет емес. Өйткені Пайғамбарымыз: (C.Ғ.С.) «(Пітір) Садақаны беру қалталы адамдарға міндеттеледі», деген (Фатхуль Бари, Китабуз Закат – 1432). Пітір садақадан түскен қаражат кедей-кепшікке, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, кембағалдар мен көмекке зәру жандарға қажетін өтеу үшін беріледі. Пітір садақасын беру әрбір мұсылман ер және әйел үшін уәжіп. Ер адам өзі және балиғат жасына толмаған бала-шағасы үшін беруі тиіс. Балиғат жасынан асқан балалары мен әйелі үшін пітір беру міндеттелмейді, бірақ сауап үшін берсе, екі есе сауабын алады. Ата-әжесі, туған әке-шешесі, отбасын құрып кеткен балалары, туысқандары үшін пітір берілмейді. Бірақ жағдайы нашар, алыс-жақын туған-туыстары, бауырлары арасындағы тұрмысы нашар кісіге пітір садақасын беруіне болады. Тіпті оларға беру, өзгелерге бергенінен екі есе сауабы көп. Өйткені  Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде: «Садақаны туысына берген адамға екі сауап бар: Бірі — туыстық сауабы, екіншісі садақа сауабы», деген.

Пітір садақаның мөлшері 

Хадистерге сүйене отырып, мешіт имамдары пітір құнын шамалап бекіткен. Пітір садақа мына төрт нәрсенің кез-келген біреуінің өзінен немесе құны нан беріледі.

  1. Бидай немесе бидай ұнының уәжіп болған мөлшері: 1 келі 459 грамм немесе осы мөлшердің құны;
  2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 грамм немесе осы мөлшердің құны;
  3. Құрғатылған жүзімнің уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 грамм немесе осы мөлшердің құны;
  4. Құрғатылған құрманың уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 грамм немесе осы мөлшердің құны (Ислам ғылымхалы., М.Исаұлы,Қ. Жолдыбайұлы).

Ибн Омардан риуаят етеді: «Расулуллааһ бір саъ құрма немесе арпадан пітір садақа беруді бәріне міндеттеген. Ол барлығына: қожайын мен құлға, кіші мен үлкенге, ер мен әйелге пітір беруді міндеттеді» (Бухари, Муслим). Пітірді ақшамен берсе, абзал болады, өйткені кедейдің қажеті ақшамен тез өтеледі. Әбу Юсуф (р.а.): «Бидайдың орнына ұн, ал ұн мен би дайдың орнына бұл екеуінің дирһамын (ақшасын) берген абзал. Өйткені садақа берудегі мақсат — мұқтаждың қажетін өтеу» деген. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар»,-дейді («Әли Ғимран» сүресі, 92-аят).

Пітір садақаның уақыты

Пітір садақаны Ораза айт намазы басталғанға дейін беру міндеттеледі. Пайғам барымыздың: (C.Ғ.С.) «Осындай күнде (айт мейрамы күні) кедейлерді қайыр садақа тілеуге мұқтаж етпең-дер» деген хадисіне сүйеніп, ораза айт намазына дейін берілген садақа жағдайы нашар жандарға таратыла-ды. Мұндағы мақсат – Ораза айт мере-кесінде барлық мұсылманның мерекені қуанышпен қарсы алып, әрбір жанұяда береке орнауы. Әбу Дауд және Тирми-зи Әли ибн Әбу Талибтан (р.а.) риуаят етеді:

«Аббас (р.а.) Пайғамбардан (C.Ғ.С.) пітір садақаны тез, яғни айдың басында беруге рұқсат сұраған, Пай ғамбарымыз (C.Ғ.С.) оған рұқсат еткен». Яғни пітір садақаны рамазан айы басталған күннен бастап та беруге болады.

Пітір садақаны кімге берген дұрыс?

Ең алдымен туыс-туғандардың ішін-дегі жоқ-жітіктерге, жетім-жесірлерге және басқа да мұқ таждарға беріледі. Егер ондай туыс-туғаны болмаса, көрші-қолаң арасындағы мұқтаждарға беріледі. Міне, бұл – әр адамның өз туыстары мен көршілері және дос-жарандары алдында жауапкершілігі бар екенін білдіретін адамгершілік амалы.

Тіптен қажыға баратын адамның туыстары мен көршілерінің мұқтаж болмағаны абзал деген шарттың бар екенін білесіздер. Сондықтан пітірді және басқа садақаларды ең бірінші сондай міскін, жоқ-жітік адамдарға беріп, көмектесу керек. Егер қасыңызда, айналаңызда жоқ болса, онда мешітке бересіз. Мешіт мұқтаж адамдарды тауып, беруге міндетті. Күпірлік ету– «Берген көмегіне садақасына Тәңір, яғни Алла Тағала сөзсіз разы бола-ды, сауап жазады» деп астамшылық сезімге берілу. Сол үшін кез-келген игі, ізгі істі істегенде міндетсіну мен оны мақтан үшін пайдалану күпіршілікке әкеледі. Сол үшін атам қазақ әр кезде істеген ісі үшін «Алла күпірлікке жазбасын!» деп сақтанып отырған. Жақсылық жасадыңыз ба, оны ұмытыңыз.

Садақа — ауруға шипа, күнәларды жоюшы, кемшілік тің орнын толтырушы. Ал Рамазан айындағы уәжіп бол ған пітір садақаның сауабы Аллаға аян.

Алла разылығы үшін жасаған амалдарыңыз, берген садақаларыңыз, жасаған дұғаларыңыз қабыл болсын!

Құралбай АМАЛБАЙҰЛЫ,
Маңғыстау аудандық мешіттің бас имамы