Мереке

Ұлттың бет бейнесін, рухани болмысын, ақыл-ойы мен парасатын мәдениеті арқылы тануға болатыны ежелден айтылуда. Өркениетті елдердің қатарында қазағымыздың да аты аталуы ең алдымен тарихымыздың тереңдігімен, мемлекет құрған бабаларымыздың қазақ атына сай мәдениет пен өнерді дамыта білуімен, оны бүгінгі ұрпақтың жалғастыра алуымен де байланысты.

Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйлері, 3 мұражай, 1 орталықтандырылған кітапхана, Мұрын Жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі жұмыс жасайды. Заманына сай ерек­шеленуді, дамуды талап ететін салада аудан бойынша 212 маман болса, оның 59­ы шы­ғармашылық бағытта қызмет атқарады. Мә­дениет және өнер қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесінде сала қызметкерлеріне арналған аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара ұйымдастырылып, марапат тар ұсынылды. Құттықтау сөз алған Түпқара ған аудандық мәслихатының хатшысы Айкүміс Досанова:

— Адам баласы дүниеге әнмен келеді, жер қойнына да әнмен аттанады. Біздің әрбір күніміз өнермен жақсы бай ланысты. Ең қа­рапайымы алаша тоқып алуымыз да өнер. Кез­келген кәсіби маман өз деңгейінде ат­қарып шығады, тек көңіл­күйі жақсы болса. Көңіл­күйдің көтеріңкі болуын қажет ететін – мәдениет пен өнер саласы. Ел басына түскен ең қиын кезеңдерде мәдениет қызметкерлері елдің жанын жадыратып, көңілдеріне шуақ құйып, күш­қуат беріп, жақсы істерді жасауға ұмтылдырады. Мысалы, Отан соғысы кезінде фашист басқын шыларын жеңу оңай болған жоқ. Оған біздің жауынгерлеріміз де бірден дайын болмады. Бірақ оларды жеңіске жет­кізген әрбір адам ның бойындағы рухы. Сол рухты оятып, тірілткен де өнер мен мәде ниет. Осы салада қызмет етіп, аудан мәдениетін дамытып жүрген осы саланың барлық қыз­меткерлерін шын жүректен құт тықтаймын, – дей келе бір топ қызмет кер лерге Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар ұсынды.

Мереке

Рая Сәдуова көп жылдар бойына сырнайын сырнайлатып, оркестрге де қыз­мет етеді. Бірі сол ма, екіншісі – Рая тәр­биелеген шәкірт өнердің үлкен оқуын оқып келіп, бүгінде осы оркестрге дирижер болды. Ал Гүлнәр Жолдыбаеваның еңбегін ел біле ді, өте еңбекқор жан. Оның тәрбиелеген биші қыздары әдемі, қызғалдақтар десе деген­дей… Рымкеш Жакупбекова Семей өңірінің қызы болғанымен, біздің жерге келін болып түсіп, 40 жылға жуық мәдениет үйі жанын­дағы хор ұжымының қызметін жүргізді. Хор ұжымын облысқа, республикаға танытты. Көп әншіні тәрбиелеп, сахнаға шығарды.

Қазақстанда екі әйел дирижері бар, оның біреуі – «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Дінзухра Тілендиева болса, екіншісі – Түп­қараған аудандық мәдениет үйінің ұлт ас­паптар оркестрінің дирижері Әсел Нұрсұл­танова.

– Жамал Раева, осы мәдениет үйінің басшысы. Мәдени шаралардың көп бола­тынын біле сіздер, таңертеңнен кешке дейін осы ұжым ның барлық шараларға дайын болуына осы кісі жауапты. Осындай шәкірт  тәрбиелеген, қызмет еткен, өнер, мәдениет мамандары на бүгінгідей мереке де марапат ұсынған жөн емес пе? ­- деді құттықтау сөзінде.

Мереке

Ауданымыздың мәдениет саласының қа­лыптасуына үлес қосқан, бүгінде өмірден кеткен сала ардагерлері Мұқташ Құсай ынов, Борис Бейсенов, Өмір Жүсіп, Бисекеш Мұқанов, Тілеумұрат Қожабеков, Ибатолла Әбірхайыров, Орлыбай Барашев, Сәбит Дәулетияров, Ашығали Қомытов, Сейтқазы Боранов, Ермек Төлеуова, Құрықбай Наурызбаев есімі де мерекелік бейне ролик пен көрсетілді. Одан бөлек, осы салада еңбек еткен Фабиян Жолдыбаева, Бақтыгүл Тілепова, Мұра Жолдыбай, Сақтаған Ізғали, Рая Сәдуова, Жаңылсын Тастемірова, Әсем Молдабаева, Едіге Құлдашев, Өтешқалиева Рухия, Сұлу Сәбитова, Рымкеш Жакупбе­кова, Күләй Құрманбекова, Хадис Жалжан, Наташа Нұрқуатова, Жамал Жанжігітова, Өтепқалиева Нұрсұлу, Амантай Мұқанов, Светлана Өмірбаева, Рафаэль Қарғабай, Гүлсім Құлғали, Айман Көшерова, Нұрсұлу Шәңгерейқызы, Аймангүл Ботабаева, Құрал Ходжаев, Ақжүніс Текебаева, Ақбала Бисем­биева, Жәния Бастаева, Айдарбек Оңайбай, Әпужан Ағланова, Ақбалат Бисембиева, Қаным Боранқұлова, Нұржауған Бимен­бетова, Есей Нұрбаулин, Ізімбергенова Құралай, Ақжүніс Текебаева, Айгүл Бала­баева есімдерін де құрметпен атап өтті.

Клара ҚАНСҰЛТАНОВА