сурет салу

Баутин кентінде Түпқараған ауданындағы 4 мектептің оқушылары арасында жарға сурет салудан байқау өтті. Байқауға әр мектептен жас ерекшеліктеріне сәйкес 20 оқу­шыдан барлығы 80 оқушы іріктеліп, қатыстырылды. Байқаудың мақсаты мектеп оқушылары арасындағы сурет өнеріне қабілетті, өнерлі, шы­ғармашыл оқушыларды анықтау.

Бұрын­-соңды ауданда өтпеген ерекше байқауға белсене қатысқан мектеп оқушылары үшін бұл байқау шабыт беріп, өз өнерлерін танытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сұрықсыз, әк көрмей тұрған жарлар ға түрлі суреттер салу арқылы ауыл көркіне сән берді. Ұйымдасты рушылар тарапынан сурет салу кезінде жарға түрлі техникамен бояу түстерін қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері суреттің тақырыпқа сәйкестігі мен компо зициялық үйлесімділігін сақтауы ескерілді.

«Туған өлкем Маңғыстау», «Каспий теңізі», «Баутин порты» тақы рыптарында сурет салған қатысушылар жарға қанық бояулар мен түрлі түстерді пайдалана отырып, таңдаған тақырыптарын ашты.

Қазылар алқасының шешімімен І орын Форт-­Шевченко мектеп­интернатының командасы, ІІ орын М.Горький мектеп­лицейінің командасынана, ІІІ орын Ж.Мыңбаев мектеп­гимназиясының командасы, ІV орын Е.Өмірбаев орта мектебі командасына беріліп, «Sem Arco» компаниясының қолдауымен байқауға қатысқан мектеп оқушыларын жеке­жеке диплом дар­мен марапаттап, жеңімпаз мектептерге құрал­жабдықтар (проектор, тақталар) табыс етілді.

Көңіл көтеріп, өнерлерін шыңдап әрі мектептеріне ерекше сый жасаған оқушылар осындай шаралардың жиірек болғанын қалайды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН