браконьер шекара

2201 -«Б» әскери бөліміне қарасты «Қалқан» 511-шекара катері Каспий теңізінің Баутин бағытында қызметін атқару уақытындағы сағат 16:52 шамасында белгіленген аумақта бөтен белгісіз жүзу құралын байқайды.  Жіті бақылау барысында «Байда» типті шағын жүзу құралын анықтап,   шекарашылардың талабына жауап бермеуіне байланысты, шекара катерінің командирі екінші бапты старшина Б.ДЖантлеуов оны тоқтатуға шешім қабылдайды. Анықталған шағын жүзу құралына қарай бет алған кезде, әлгі  белгісіз жүзу құралы қашуға ұмтылады. Осы сәтте теңіз шекарашыларының қырағылығы мен шеберлігінің арқасында, шекара бұзушы браконьерлер өз істерін жүзеге асыра алмай, заңсыз Қазақстан Республикасының шекарасын бұзғаны үшін  мәжбүрлі түрде тоқтатылып, құрықталды.

2201-Б әскери бөлімінің командирінің орынбасары, подполковник Арман Абильмажинов
 2201-Б әскери бөлімінің командирінің орынбасары, подполковник Арман Абильмажинов

— «Байда» типті кіші жүзу құралы қашуға әрекет еткенде шекарашылардың мәжбүрлеумен тоқтатылып, онда болған 4 Азербайджан Республикасының азаматтары 1978 жылы туылған Нагиев Мусфик Хабуллауглу, 1987 жылы туылған Хандамиров Агулу Хасанкулуглу, 1985 жылы туылған  Абушев Сагид Карагынуглу, 1968 жылы туылған Максумов Кабыл Азизаклауглы қолға түсті, — деп хабарлайды 2201-«Б» әскери бөлімінің бөлім командирінің орынбасары подполковник Арман Абильмажинов.

Сонымен қатар, бордтық №ДА -2347, «Suzuki»  маркалы 3 аспалы қозғалтқышпен жабдықталған түсі қою көк шағын жүзу құралы, «Самсунг» маркалы ұялы телефон, «Thuraya» маркалы спутниктік телефонмен, «Furuno» маркалы GPS, 3 дана теңіз навигациялық картасы, 7 дана 50 лирлік және 200 литрлік бөшкелер мен 30 кезейін жәшік тәлікіленгендігін айтты.

Теңіз шекарашыларының қырағылығымен құрықталған шетелдіктердің ісі Қазақстан Республикасының шекарасын бұзу фактісі бойынша істері тергеуге алынып, сотқа жолданды.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

1 ПІІКІР