Құттықтау!

2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бұл күнді БҰҰ Мемлекеттік қызметшілер күні деп жариялағаны туралы баршамыз білеміз. Осы бастаманы қолдаған Елбасы 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен 23 маусымды «Мемлекеттік қызметшілер күні»  қылып бекітті.

Бүгін барлық мемлекеттік қызметшілерді, яғни Ақтау гранизоны әскери сотының ұжымын кәсіби мерекелері- Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Шын жүректен  зор денсаулық, бейбітшілік, отбастарына амандық, қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларына тілектеспін!

 Ерлан ИЗТУРОВ,

Маңғыстау облысы  Әділет Департаменті Мұнайлы  аумақтық    бөлімінің басшысы аға сот орындаушысы