Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда қала күніне орай қалалық жас ақындар айтысы өтті. Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Ақтау — арман қала» атты шараға 14 пен 29 жас аралығындағы айтыскерлер қатысты.

Жас айтыскерлерге суырып салма өнердің майталмандары, жазба ақындар мен өткір сөз бен ұшқыр қалам шеберлері — Ерекен Қорабаев, Алмас Алтай, Асылбек Жаңбырбай, Фархад Мұсаев жəне Жұмагүл Мұрсалова қазылық етті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтау күнінде өткен айтысқа сегіз жас ақын қатысып, Ербол Жұмаханов жеңіске жетті. 1-жүлдені Зейнетолла Қосымбаев жеңіп алса, екінші, үшінші орындарды Алшынбек Мұқанғалиев пен Мəдиасқар Қанжарұлы иеленді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтысты өткізудегі мақсат — талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігін шыңдап, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, қолдау көрсету.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН