әскер

Маусым айы атаулы күнге, мерекелерге толы ай. Сондай мерекенің бірі — полиция күні. 1992 жылғы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы өз Жарлығымен 23 маусымды — Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы күні — осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні.
Полиция қызметкері болу оңай емес. Жаңаөзендік тәртіп сақшылары үшін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Себебі, мұнайлы қала бұрынғыдай шағын шаһар емес. Тұрғындар саны күн сайын көбейіп келеді. Соған сай полициялардың да күшін көп қажет ететіні сөзсіз.
Қылмыстық істі ашуда кінәліні тауып, ақ пен қараның ара жігін ажырату тергеушінің міндеті. Яғни, тергеуші — қылмыстық іс қозғалғаннан бастап, айыптау құжаты сотқа жеткенге дейін қылмысты ашумен айналысатын тұлға. Бұл мамандық жауапкершілікті, сауаттылық пен шыдамдылықты қажет етеді. Маңғыстау Жаңабаев Ішкі істер басқармасында тергеуші қызметінде. Қызылсай ауылында дүниеге келген.
Маңғыстау Төлеуұлы осы салада еңбек еткеніне биыл 6 жыл. Тергеушілік қызметтегі еңбек жолын Маңғыстау ішкі істер органдарынан бастапты.Тыныштық сақшылары

— Мектеп қабырғасында жүрген кезде-ақ тергеуші болсам деп армандайтын едім. Осы арманыма жету үшін қаладағы №8 орта мектепті бітіріп, Шымкентке әскерге аттанып, оралған соң Ақтөбе заң колледжінде білім алдым. Содан кейін білімімді одан әрі шыңдау мақсатында Қарағанды қаласындағы Заң академиясын бітірдім. Тергеуші іс сотқа кеткенше қылмыстық істің ашылуына жауап береді. Қандай күрделі іс болмасын, аяғына дейін жеткізіп, ақиқатын анықтау керек. Осы тұрғыда әріптестерім көп көмектесті.

— Тергеуші сауатты және кез келген саладан хабары болу керек. Себебі қылмыс әртүрлі салада, әртүрлі бағытта орын алады. Бұған қоса, ой ұшқырлығы, ішкі түйсіктің жоғары болуы, сезімталдық қасиеттер қажет. Бұндай қасиет қылмыстық іске жүйелі талдау жасап, ақиқатына тез көз жеткізу үшін керек. Кез келген адаммен тез тіл табыса білу де тергеушінің ісін алға бастырады, — дейді тергеуші.Тыныштық сақшылары
Полиция бөлімінде қазақтың өңкей жас жігіттері жұмыс істейді екен. Айдын Ахметов Ішкі істер басқармасындағы жергілікті полиция қызметінің учаскелік жауапты полиция инспекторы. Айдын Саматұлы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылында дүниеге келген. Сол ауылда мектепті тәмамдаған соң, Ақтөбедегі Заң университетіне оқуға түсіп, жоғары білім алды. Ал, 2014 жылы жолдама бойынша Жаңаөзен қаласына келіп, алғашқы еңбек жолын кәмелетттік жасқа толмағандардың ісі бойынша инспектор қызметінен бастады. Бүгінгі таңда Айдын Рахат ауылы және «Рауан» шағынауданына жауапты учаскелік инспектор.
— «Армансыз адам — қанатсыз құспен тең» демекші, менің бала кездегі арманым орындалды, мен полиция қызметкері атандым, өз елімнің тыныштығын қорғап жүрмін. Болашақта Қазақстанның берік қалқаны болатыныма сенемін. Полицияға жүктелер міндет үлкен. Егер жұмысымызды адал атқарып, халықтың бізге деген сенімі ақталып жатса, содан артық абырой жоқ бізге, — дейді мамандығын жақсы көретін және болашақта генерал болуды армандайтын Айдын.
Тыныштық сақшылары— Біздің мақсатымыз — халықтың полицияға деген сенімін арттыру. Ол үшін қылмысты дер кезінде ашу, оның алдын алу үшін профилактикалық шараларды жүргізу сынды өзімізге тиесілі жұмысты адалымен атқаруымыз керек. Оған жағдайдың бәрі жасалған. Жаңа ғимаратымыз өз алдына, компьютері, қажетті құрал-саймандарының бәрі бар. Мұның бәрі қоғамдық тәртіп сақшыларының өз қызметін сапалы атқаруына мүмкіндік береді, — дейді жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұрғиса Орынбаев.
Нұрғиса Зорбайұлы Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Отбасында 9 баланың ең кенжесі. Екі жасында отбасымен бірге Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Темірбек ауылына көшіп кеткен. Сол ауылда Чапаев атындағы орта мектепте білім алып, әртүрлі салада еңбек еткен. 2010 жылы Ахмет Яссауи атындағы колледжде заңгер мамандығын, кейін Тараз мемлекеттік университетінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.
Азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, оларды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, соған ұйыта білсе – полицияның жұмысы ақталғаны. Ендеше, азаматтардың тыныштығын күзету міндеті сеніп тапсырылған полициялар қоғамдық тәртіпті босаңсытпайтынына сенім артамыз.

Гүлсім Мұрынова