газ мәселесі

Газ мәселесі әлі де шешілер емес. Қазір Ақтаудағы жеке меншік газ құю бекеттері қаңырап бос тұр, өйткені оларда газ жоқ. 

Тек «ҚазМұнайГаз» АҚ қарасты төрт бекетте ғана сұйытылған газ бар. Алайда, олардың өзіндегі кезектен көз сүрінеді. Кезекке тұрған көліктер қатары 2 шақырымға жеткен. Тіпті, кезекке тұрған автокөліктер жазбаша түрде тізімге тұра бастаған. Сурет әлеуметтік желілерде белсенді таралуда.

Газға кезекке тұрған көліктер тізімі қағазға жазыла бастады (ФОТО) Газға кезекке тұрған көліктер тізімі қағазға жазыла бастады (ФОТО)

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында газ бағасы 40 теңгеге көтерілген еді. Бұл тапшылықтың себебін жауаптылар әзірге «ҚазГӨЗ» ЖШС-дағы жөндеу жұмыстарының жүруімен түсіндіріп отыр.